ОҚО-дағы Мақтарал ауданында 96 кооперация құрылды

Жаңалықтар
23.07.2017, 20:43

«Ақ алтынның» отаны саналатын Оңтүстіктегі Мақтарал ауданында 200-ден астам шағын қожалық бірігіп, 96 кооперация құрылды. Бұл – өңірдегі ең үлкен көрсеткіш. Қазір мақталық танаптар мен бау-бақша дақылының көлемі артқан. Бұл туралы 24.kz сайты жазады. Мырзашөлдегі мақта талшығын өңдейтін ең ірі кәсіпорын диқаншылықпен қатар сиыр фермасын да ашқан. Жарты ғасырлық тарихы бар зауытта күзгі маусымға дайындық басталып кетті. Тоқырау жылдары құрдым бола жаздаған кәсіпорынды Айдархан Өтенұлы сақтап қалды. Өндіріске қосты. Қазір зейнет демалысындағы ол бар білгенін бүгінгі ұрпаққа үйретіп жүр. Зауыт – өңірдегі ақ алтын талшығын терең өңдейтін іргелі өндіріс орындарының бірі. Корпарация жалпы саны 800-ге жуық ауыл азаматын жұмыспен қамтып отыр.

Айдархан Өтенұлы, зауыт құрылтайшысы: - Алғашқыда қиындық болды. Жаңа зауытта маман болмады, орта білімі жоқ адамдармен жұмыс істедік. Қазір жаман емес. Сапасы жағынан алдыңғы қатарлы десек болады.

Істің көзін таба білген ел ағасы зауыт жанынан нарық сұранысына сай мақта шитінен май сығатын шағын цех та ашқан. Кейін сүт фермасын құрыпты. Қазір қожалықтың қорасында 200-ден астам Әулиеата тұқымдас ірі қара бар. Құнарлы жерде жайылатын сиыр сүтінің майлылығы да жоғары болады. Шаруалар енді Зеңгі баба тұқымын асылдандыруды қолға алыпты.a5f3ab0684321f3ba8054546328ad1d6_L

Икрам Көмеков, ферма меңгерушісі: - Күніне сауын сиырлар 12-14 литрге дейін сүт береді. Араларында ерте туғаны бар. Негізі 6 топ сиыр бар. 6 сауыншы еңбек етеді. Біреуі алмастырушы. Әр сауыншы 8, 9, 14 сиырға дейін сауады. Екі мезгіл сүт тапсырамыз.

Қожалық шикі өнімді өздері терең өңдейді. Шығын цех тәулігіне 1 тонна сүттен, қаймақтан бастап сары майға дейін жасайды. Аудандағы әлеуметтік нысандарды жергілікті таза әрі қоспасыз табиғи өніммен қамтамасыз етіп отыр.агро

Шарипа Баисова, технолог: - Сепаратордан шыққан сүттің майлылығы – 2,5%. Одан айран, қаймақ, кілегей жасаймыз. Табиғи болған соң тәтті болады. Өзінің температурасын сақтап, технологиясын бұзбаса, бір аптаға дейін сақтауға болады.

Жалпы Мақтарал ауданында осыған дейін мақта өндірісіне басымдық жоғары болды. Жыл өте ауыл шаруашылығы өнімдеріне де сұраныстың артқанын сезген шаруалар дәмді-дақылдар егуге көшеді. Бір ғана Мырзашөл өңірі бүгінде нулы бауға оранып, өнімдері оңтүстіктің брендіне айналып үлгерген.

Марат Әбуов, Мақтарал аудандық ауыл шаруашылығы бөлімінің жетекшісі: - Мақта өндіру шаруаларға тиімді болғаннан кейін, оған мемлекет тарпынан субсидия беріледі. Былтырғы жылы 170 мың теңгеге көтерілуіне байланысты биыл 94 мың гектар жерге шит себілді.

Өңірде жалпы жүздеген ұсақ шаруа бірігіп, 500-ге жуық кооператив құрылыпты. Аграрлы өңір тұрғындары ауыл шаруашылығы өнімдерінің барлық түрін өндіреді. Тіпті экспорт әлеуеті де артқан. Мұның барлығы тынымсыз еңбек пен бір жұдырықтай болып ұйымдаса білудің арқасы болса керек

Сұхбат

PhotoRoom