ОҚО-ға жарты жылда 180 млрд. теңгеден астам инвестиция тартылды

Жаңалықтар
25.07.2017, 00:03

Оңтүстік Қазақстан облысы аграрлы аймақ болғанымен, соңғы кезде индустрияландыру жұмыстары қарқынды түрде жүзеге асуда. Сонымен қатар, шағын және орта бизнес те өңір экономикасында айтарлықтай маңызға ие. Кәсіпкерліктің өркендеуі жаңа жұмыс орындарын ашуға сеп болады. Сондықтан бұл саланың дамуы ел экономикасын алға сүйрейтін жаңа күштердің дамуына мүмкіндік бермек.indicadoreseconomicos560x280

Осыдан 5 жыл бұрын өңірімізде шағын және орта бизнес субъектілерінің саны 120 мың болса, соңғы 5 жылда бұл көрсеткіш тағы 50 пайызға көтерілді. Ал, осы салаға инвестиция тарту бойынша республикада алдыңғы орынға шықты. Бұл туралы shymkenttv.kz  сайты жазады.

«2017 жылдың 1 жарты жылдығында облысымыз бойынша 180 млрд. теңгеден астам инвестиция тартылды. Кәсіпорындарды қолдау бағдарламалары бойынша 162 жоба іске асып отыр. Осы жобалардың 17-сін биыл жүзеге асыру көзделіп отыр»,-дейді облыстық кәсіпкерлік, индустриалды - инновациялық даму және туризм басқармасы басшысының орынбасары Алмат Сүюбаев.

Қазіргі таңда құны 37 миллиард теңгені құрайтын 3 зауыт өз жұмысын бастап кетті. Олардың бірі Шымкент қаласындағы вафли өндіру фабрикасы. Кәсіпорын жылына 1700 тонна өнңм шығаруды жоспарлап отыр. Ал екінші жоба Отырар ауданындағы жүгері өңдеу зауыты болса, үшінші жоба Созақ ауданында уран өндірісіне арналған полиэтилен шығаратын зауыт.

Инвестиция тарту бойынша Шымкент қаласы, Отырар, Төлеби, Сарыағаш аудандары көш бастап тұр. Жалпы жоғарыда аталған 162 жоба жүзеге асса, 13 500 жаңа жұмыс орны ашылатын болады. Ал, инвесторлардың қызығушылық танытып отырған салалары фармацевтика тоқыма өндірісі, жеңіл өнеркәсіп және ауыл шаруашылығындағы қайта өңдеу өнеркәсібі болып тұр.

Сұхбат

PhotoRoom