ОҚО-да шағын несие ұйымы 16 мыңға жуық жобаны қаржыландырды

Жаңалықтар
26.07.2017, 18:42

Оңтүстік Қазақстан облысындағы «Ырыс» Микроқаржы ұйымы 2006-2017 жылдар аралығында жалпы соммасы 27,6 млрд. теңгені құрайтын 15731 жобаға қолдау көрсеткен. Қаржы ұйымынан қолдау тапқан жобалардың іске асуының нәтижесінде 13 383 жаңа жұмыс орны ашылған. c0d6128663e56629b94023ec0dfb987f

Ал, 2017 жылдың жарты жылдық көрсеткіші бойынша жалпы соммасы 4 513,9 млн. теңгені құрайтын 1885 жобаны қаржыландырды. Соның ішінде 939 жоба мал шаруашылығы бағытында болса, көктемгі егін егу-жинау жұмыстарын ұйымдастыру үшін 1500 млн. теңгені құрайтын 880 жобаға қолдау көрсеткен.

Сондай-ақ, жылыжайды кеңейту және құрылысын салу да «Ырыс» микроқаржы ұйымының жоспарлы қаржыландырылуына енгендіктен биыл бұл саладағы 41 жобаға 148,18 млн. теңге көлемінде несие берілді.

Мұнан бөлек, құс шаруашылығы бойынша 5 жоба, ауылшаруашылық өнімдерін қайта өңдеуді ұйымдастыру, нан – тоқаш өнімдерін шығару мен өндірістік қызметке, сауда және қызмет көрсету саласы мен балабақша ашу сынды 14 жоба мақұлданып, қолдау көрсетілді.

Елбасының кәсіпкерлікті қолдау және дамыту міндеттемесін орындау мақсатында құрылған бұл мекеме өз ісін бастаймын деген әрбір кәсіпкерге немесе шаруаға арзандатылған, қол жетімді несие таратады.

Сұхбат

PhotoRoom