ОҚО-ның сыртқы тауар айналымы 928 млн. АҚШ долларын құрады

Жаңалықтар
26.07.2017, 18:51

Оңтүстік Қазақстан облысының  сыртқы тауар айналымы осы жылдың жарты жылында     928 млн. АҚШ долларын құрады. Бұл өткен жылдың 6 айымен салыстырғанда 169 млн. АҚШ долларына өсіп отыр. Бүгін бұл туралы Өңірлік коммуникациялар қызметі  орталығында өткен баспасөз мәслихатында Оңтүстік Қазақстан облысы бойынша Мемлекеттік кірістер департаментінің басшысы  Алтынсары Үмбетәлиев мәлім етті. a4037787-28f4-4afb-a5a0-9549f9a2ed6d Сондай-ақ, тауарлардың экспорты 37 млн. АҚШ долларына көбейген. Экспорт бойынша облысымыздың жалпы экспортының негізгі серіктестері ретінде Нидерланды (39%) мен Өзбекстан (32%) мемлекеттері құрап отыр.   Департамент басшысының айтуынша, өңірдегі тауарлар импорты 140 млн. АҚШ долларына немесе 34 пайызға көбейген.  Импорт бойынша облыстың негізгі серіктесі Қытай мен Өзбекстан мемлекеттері болып отыр.  66c7bed2-f0f8-4cee-b74b-93e367cc1d0c

«Атап өтетін жағдай,  Қазақстан Республикасының Президенті Нұрсұлтан Назарбаев пен Өзбекстан Президенті Шафкат Мирзиеевтің бастамалары жаңа серпіліс әкеліп, нәтижесінде жыл басынан бері екі ел арасындағы экономикалық ахуал жандана түсті. Өздеріңіз куә болғандай, ағымдағы жылдың 13 шілдесінде «Атамекен» кеден бекетінің «Сырдария» және «Целинный» өткізу бекеттері ашылғаны, екі елдің ынтымақтастығы мен бірлігін арттырып қана қоймай, тауар айналымының өсуіне, сауданың дамуына да оң әсерін тигізетіні сөзсіз», - деді Алтынсары Үмбетәлиев. a44917f8-2e0f-436c-a1ab-4fa72fe71625

Сондай-ақ, департамент басшысы 2017 жылдың 1 жартыжылдық жұмыс қорытындысымен кедендік төлемдер мен салықтар өткен жылмен салыстырғанда 3,1 млрд. теңгеге артып, 113 пайызға өскенін жеткізді.  Сонымен қатар, брифингте департамент басшысы  соңғы кезде жеке инвестициялар нарығында елімізде қаржы пирамидалары жандана бастағанына байланысты халықтың алдауға түспеуіне кеңес беріп, түсіндіру жұмыстарын жүргізу үшін бұқаралық-ақпарат құралдарын бірлесе жұмыс атқаруға шақырды.

Сұхбат

PhotoRoom