«Оңтүстік» АИО шағын және орта бизнестің өркендеуіне серпін беруде

Жаңалықтар
26.07.2017, 20:06

«Оңтүстік» аймақтық инвестициялық орталығының қаржыландыруымен  Шымкенттің өзінде соңғы 8 жылда 468 жоба іске асқан. Осы жылдар ішінде аталған жобаларға 8 миллиард 400 млн. теңге несие берілсе, олардың ішінде орталықтың қолдау көрсеткен ең үлкен жобасына 600 млн. теңге бағытталған.20375892_883349515163509_7993577854663395345_n

Оңтүстік Қазақстанда шағын және орта бизнесті дамытуға сүбелі үлес қосып келетін орталық облыс әкімдігінің құрылтайшылығымен құрылған. Мекеме бүгінде өңір экономикасын алға жылжытуға көмек беретін серпінді күшке айналды. Берілетін несиенің жылдық өсімі  7-8 пайыздан аспайды. Ісін жаңа бастаған азаматтарға бұл - таптырмас мүмкіндік. Сол мүмкіндікті пайдаланып отырған кәсіпердің бірі қолөнерінің арқа­сында бизнес әлеміне енген Нұржамал Жүнісбекқызы.  Бүгінде Шымкент қаласынан «Оңтүстік былғары» жауапкершілігі шектеулі серіктестігін құрып, мемлекеттік бағдарламалардың арқасында кәсібін дөңгелетіп отыр. Бұл мекеме аталмыш қаржы орталығынан 2 миллион 800 мың теңге несие  алып, қолдорба тігуді бастап кетті.20294181_883349501830177_8420464602805712105_n

«Қазір енді этностильде замануи киімдерді де өңдеуге кірісіп отырмыз. Мемлекет тарапынан 2 миллион теңге грант берілген болатын сол ақшаға соңғы үлгідегі тігін машинасын сатып алдым. Енді кәсіпті кеңейту мақсатында «Ырыс» микроқаржы ұйымынан төменгі пайызбен несие алдық»,-деді «Оңтүстік былғары» ЖШС-нің директоры Н.Миржибаева.

Сұхбат

PhotoRoom