Оңтүстіктің шөлмек қақпақтары Қырғызстан мен Тәжікстанға экспортталуда

Жаңалықтар
27.07.2017, 18:44

Оңтүстік Қазақстан облысының индустриалды аймағында орналасқан шөлмек қақпағын шығаратын «Spirit Казахстан» зауыты бүгінде толық қуаттылығымен жұмы істеп келеді.

Пластиктен қақпақ, құты және жәшік шығарумен айналысатын кәсіпорын өнімдерінің тең жартысын шет мемлекеттерге шығаруда. Шымкенттің шөлмек қақпақтары бүгінде Қырғызстан мен Тәжікстан еліне экспортталуда. Ал жеміс-жидек салуға арналған жәшіктерді Сарыағаш пен Мақтаралдың кәсіпкерлері сатып алуда екен.kryshka

Осыдан алты жыл бұрын іске қосылған кәсіпорын тәулік бойы жұмыс істейді. Мұнда айына 5 миллион дана қақпақ шығарылады. Пластиктен өнім жасап шығаратын құрылғылар Оңтүстік Кореядан әкелінген. Кəсіпорында 52 адам жұмыспен қамтылған.

Бүгінде кәсіпорын «Оңтүстік» АИО-нан 515 млн. теңге көлемінде несие алып, өрісін өркендетуде. Бұған дейін Оңтүстік инвестициялық орталығы сұранысқа байланысты мал шаруашылығына басымдық беріп келсе, ендігі жерде кәсіпорын ашуға, оның ішінде өндіру мен өңдеуге қаржы бөлуде.ON_ONIM-LOGO

«Оңтүстік» АИО мен «Ырыс» МҚҰ бірлесе отырып 2017 жылдың 6 айында 4,9 млрд. теңгені құрайтын 1903 жобаға қаржылай қолдау көрсеткен. Бұл жобалардың аясында 4 мыңға жуық жаңа жұмыс орындары ашылды. Осы жарты жылда қаржыландырылған жобалардың 56 пайызы мал шаруашылығын дамытуға бағытталып отыр.

Жалпы ашылғалы бері «Оңтүстік» Инвестициялық орталығы қаржыландырған жобалардың аясында облысымызда 40 мың 907 жаңа жұмыс орны ашылған. Сөйтіп, өңірдегі кәсіпкерліктің дамуына өзінің қомақты үлесін қосып келуде.

Сұхбат

PhotoRoom