«Шымкент» ӘКК соңғы үш жылдағы үздік жетістікке жетті

Жаңалықтар
29.07.2017, 21:34

Таяуда «Шымкент» ӘКК» ҰҚ» Акционерлік Қоғамы 2017 жылғы жарты жылда атқарылған жұмыстардың нәтижесін шығарды. Атап айтқанда, осы жылдың 6 айында компанияның табысы 83,1 млн. теңге болған. Айта кету керек, осынау оңды нәтиже соңғы үш жылда алғаш рет тіркеліп отыр.

Мұндай жетістіктерге жетуде бүгінгі таңда компания ішінде түбегейлі өзгерістердің орын алуы басты себептердің бірі болуда.86daa5dd-d567-4e88-a782-d4651cf70db3

Облыс әкімі Жансейіт Түймебаевтың тапсырмасына сәйкес, корпорация бүгінгі таңда үш кезеңді - реинжиниринг, қайта құрылымдау және қайта құру өзгерістерінен өтуде. Осынау шаралардың аясында кешенді оңтайландыру жүйесін іске асыруды жалпы талапқа сай ұйымдастыру, басқаруды жақсартудың даму стратегиясын құру, қызмет етудің барлық аспектілерін дамыту сынды жұмыстарды атқару көзделген. Өз кезегінде, бұл іске асырылып жатқан және болашақта жүзеге асырылатын жобаларды атқару үшін қаржы іздеуде және активтерді көбейтуде оңды нәтижеге қол жеткізуге мүмкіндік береді.

Осыған байланысты, компания жер қойнауын пайдалану, ақпараттық технология, энергетика, құрылыс және агроөнеркәсіп кешені салаларын мейлінше ыңғайлы жағдайларда қаржыландыруда бірлескен инвестжобаларды құру мен іске асыруға шақырады.

Осындай жобалардың қатарына Қазығұрт ауданындағы 209 га аймаққа орналасатын «Интенсивті бақтар» агропаркі.  «Шымкент» ӘКК» ҰҚ» АҚ бастамашы болып табылатын жобаны қолға алу 2018 жылға жоспарланған. Жалпы құны 11,8 млн. АҚШ долларын құрайтын «Интенсивті бақтар» жобасы толық қуаттылықта жұмыс істегенде жылына 10,4 мың тонна өнім береді деп күтілуде.

Сонымен бірге, әкімшілік-іскерлік орталығының маңынан мемлекеттік бағдарлама аясында 8 қабатты тұрғын үй мен «Shymkent Towers» атты бизнес орталығы бар тұрғын үй кешенін салу көзделуде. Ал өңірдегі электр қуатына деген тапшылық аймақта жалпы құны 44,1 млрд. теңге болатын 17 суэлектрстанциясы салынғанда түбегейлі шешіліп, стансалар 73,2 МВт электр қуатына дейін өндіріп тұрмақ.

«Smart Ontustik» жобасын жүзеге асыру аясында да белсенді жұмыстар атқарылуда. Оны іске асыру ісі үш кезеңмен жүргізілуде: бірінші кезең әкімнің ахуалдық орталығын құру (ӘАО) болса, екінші кезеңде «Smart Ontustik» жобасының кеңсесі құрылып, одан соң, транспорт, білім, энергетика, тұрғын үй коммуналды шаруашылығы, ауыл шаруашылығы және халықтың қауіпсіздігі салаларында жоспарлар іске асырыла бастайды.

Сұхбат

PhotoRoom