Испаниядағы сепаратизмді арттырған факторлар

Сараптама
02.10.2014, 23:29

Сарапшы Досым Сәтпаев «Еуропаны сепаратизм елесі кезіп жүр» деп «кәрі құрлықтағы» дәл қазіргі жағдайды дөп басып айтты. Шотландияда Британиядан тәуелсіздік алуға құлықсыз адамдар ұлтшылдардан едәуір көп болып шықты. Қашанда халықтың таңдау, сайлау құқығына ерекше құрметпен қарайтын британ қоғамында сепаратистік идея осылайша (бәлкім уақытша) саябырсыды.

Еуропалық қоғамдастықтың ендігі назары Пиреней түбегіне ауған. Испанияда 7.5 млн халқы бар Каталония ала тайдай бүлініп отыр. Мемлекеттің жалпы халық санының 16-ақ пайызы болатын каталониялықтардың ел экономикасына тигізіп отырған пайдасы орасан. Испания ұлттық өнімінің 23 пайызы осы автономды облысқа тиесілі. Макроэкономикалық көрсеткіштері бойынша бәсекеге қабілеттілік жағынан алдыңғы қатардағы Финляндия, Дания сияқты скандинавиялық елдерімен шамалас. Ал жан басына шаққандағы ІЖӨ Грекия мен Португалиядан асып, Германиямен теңесіп қалады.

Бұл көрсеткіштер каталондықтарға сенімділік ұялатпай қоймайды. Десе де автономды облысты әл-әзір Мадридтің жібергісі жоқ. Испанияның Министрлер Кеңесі Каталония тәуелсіздігі үшін өтуі тиіс (9-қарашада) референдум заңға қайшы ма, жоқ па, осы жағын анықтау үшін Конституциялық Сотқа жіберуді құп көрді.

Каталония халқы референдум өткізер, өткізбес. Тәуелсіздікке қол жеткізер немесе бәз баяғы қалпы Король билігіне мойынсұнып қалар. Мәселе басқада сияқты.

Испанияда сепаратистік идея қайдан туындап отыр? Жалпыұлттық бірегейлігі әлсіреді ме? Енді осының себебін анықтап көрсек.

 

Испанияның ұлттық бірегейлігі Габсбургтер династиясының басқаруы кезінде 4 үлкен фактордың нәтижесінде қалыптаса бастады.

1) Монарх басқаруындағы орталық күшті билік;

2) Католицизм (біртұтас дін);

3) Ортақ (кастильдік) тіл. Әдеби тіл ретінде дамыды.

4) Халықаралық қатынастардағы гегемония. (Латын Америкасын алдымен католиктік миссионерлермен, кейіннен тілі, мәдениеті арқылы жаулады)

Испаниялық кейбір зерттеушілер халықты біртұтастандырып,  мемлекетшілдік идеяның салтанат құрған кезін 1898 жылы куба соғысында жеңіліп, теңіз державасы статусынан айырылған кезден басталғанын жазады. Бірақ бұған да күмән келтіруге болады. ХХ ғасырдың бірінші жартысында индустриялық даму қарқыны артып, урбанизация күшейген кезде Каталония ұлтшылдығы қозды. Ал, провинциялық, аграрлы қоғам деңгейінде қалып қою себебінен Галисий ұлтшылдығы оянды. Баск сепаратизмі таза этностық, тілдік фактор негізінде басталған. Біз бұдан Испанияда сепаратизм бүгін ғана бой көрсетіп отырмағанын байқаймыз.

Испания халқы – мемлекеттік рәміздерге салақ қарайтын аз ұлттардың бірі. Оларды еш уақытта символика біріктіріп көрген емес. 1843 жылы бекітілген Мемлекеттік Ту 1908 жылға дейін пайдаланылмаған. Франконың кезінде қабылданған мәтіні жоқ әнұранға сөз 5-6 жыл бұрын ғана жазылды. Испанияның бірде бір футболшысы әнұран сөзін білмейтіні енді түсінікті болған шығар.

гимн

Мемлекеттік рәміздерге қатысты жүргізілген сауалнама нәтижесін қарайтын болсақ, сұрау салынғандардардың 60,7 пайызы әнұран ойнағанда селт етпейтінін, олар үшін аса құнды емес екенін ашық айтқан.

Spain v Italy - UEFA EURO 2012 Final

Футбол демекші, ұлттық бірегейлікті арттыруы тиіс спорттық жетістіктер де испаниялықтардың бірлігін арттыра алмады. Еуропа біріншіліктерінде (2008 ж, 2012 ж) және тұңғыш рет Әлем чемпионатында (2010 ж) топ жарды.

Sergio Ramos, Carles Pujol

 

Бірақ, олар үшін Реал (Мадрид) мен Барселонаның кездесуі маңызды. Эл-Классико!

азаматты0 со5ыс

Испания халқының бірлігіне нұқсан келтіретін факторлардың ең негізгісі – 1936-1939 жылдары болған азаматтық соғыс. «Ел тұрғындары азаматтық соғысқа аса қатты мән беретіні, күні кеше болғандай ұмытпаған» деп жазады зерттеушілер.

 

 

 

Еуропалық Одақтың қуаты артқан сайын испаниялық бірегейліктен қарағанда еуропалық бірегейлік күшейе түсті. Яғни, «испаниялықпын» дегеннен гөрі халықтың 88 пайызы өздерін «еуропалықпын» деп мақтанышпен айтады. Бұл көрсеткіш Ұлыбриятанияда 77, Австрияда 49 пайыз ғана.

 

 

 

 

2000 жылдары бұл елдегі сепаратизм күшейіп, терроризмге ұласты. 2004 жылдың 11-наурызында болған террорлық оқиға салдарынан 200-ге жуық адам қаза тауып, 2 мыңнан астам бейбіт тұрғын жарақат алды.

ЭТА

Бұл террорлық актіні жасаушылар деп басктердің ЭТА ұйымына айып тағылғанымен, кейбір дереккөздерде исламист терроршылардың да қатысы болуы мүмкін делінді. 9.11.2001 АҚШ-тағы террорлық оқиғадан кейін тура 911 күннен кейін Мадридте жарылыс ұйымдастырылуынан астар іздегендер де аз болмады. Десе де ресми Мадрид тіксініп қалды. Нәтижесінде 2011 жылы алғаш рет Баск ұлтшылдары Парламентте фракция құру мүмкіндігіне ие болды. Бұл процестердің тізбектелуі, үздіксіз жүруі Испанияның қазіргі жағдайына алып келді. 1977 жылы билікке келген Хуан Карлос І сияқты халықаралық беделге ие тұлға тақтан кетті. Оның мұрагері, бүгінгі король Филипп VI әкесі сияқты емес, жұмсақтау. Оған қоса қазіргі басшы Канадада, АҚШ-та білім алған әкесіне қарағанда өзгешелеу ойлайтын тұлға. Испаниядағы сепертистік идеяның өршуіне осындай факторлар ықпал етсе керек деп ойлаймыз.

 

Сұхбат

PhotoRoom