Ноғаев тілшіні дерек сан салыстыруға шақырды

Жаңалықтар
03.10.2014, 12:05

Батыс Қазақстан облысының әкімі Нұрлан Ноғаев Орталық коммуникациялар қызметіндегі брифингте ауылшаруашылығы өнімдері өскенін айтып өткен еді. Баяндамасын таза қазақ тілінде жасағаннан кейін бе, кейбір орыстілді журналистердің сұрағы түсініксіздеу шықты. 

Бір әріптесіміз Батыс Қазақстанда ауылшаруашылығы өнімдерінің азайып кеткенін айтып, себебін сұрады. Ал, бұл қазір облыс әкімдері үшін "Ахиллес өкшесі" болып тұрған жер. Естеріңізде болса, Алматы облысының бұрынғы әкімі, су жаңа сенатор Аңсар Мұсахановты орнынан алғанда Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев дәл осы аграрлы саланың тұралап қалғанына ашуланған болатын. Күні кеше Маңғыстау облысында да осы мәселе бойынша сындар айтып кетті.

Сондықтан да шығар Ноғаев қойылған сұраққа нығарлана жауап берді. "Сіздің статистиканы қайдан алғаныңызды білмедім менің қолымда ресми, нақты мәліметтер бар. Отырып, салыстырып көрейік" деді Н. Ноғаев.

Облыс әкімі орыстілділер үшін түсініксіз болған баяндамасында ауылшаруашылығы туралы мынадай деректер келтірген болатын.

 

Облыс халқын маусымаралық кезеңде ерте пісетін көкөністермен қамтамасыз етуге арналған жалпы ауданы 31,4 мың шаршы метр 54 жылыжай бар. Алғашқы дақылдар айналымында олармен 192 тонна жаңа піскен қияр өндірілді, бүгінгі күні дақылдардың екінші кезеңі отырғызыла бастады.

Қазіргі таңда етті бағыттағы мүйізді ірі қара малдың өнімділік сапасын және еттің экспорттық әлеуетін арттыруға баса көңіл бөлініп келеді. «Мүйізді ірі қара мал етінің экспорттық әлеуетін дамыту» бағдарламасы аясында облысқа 1077 бас шетелдік селекциялық асыл тұқымды мал әкелінді.

2012 жылдан бастап 16 асыл тұқымды мал шаруашылығы құрылды, қазіргі уақытта облыс бойынша 17,4 мың бас мүйізді ірі қара малға арналған 34 асыл тұқымды мал шаруашылығы бар.

9,6 мың басқа арналған 2 бордақылау кешені жұмыс істейді (Зеленов ауданының «Кроун-Батыс» ЖШС 8640 басқа арналған, Жәнібек ауданының «Әлем» ЖШС 1000 басқа арналған).

Ағымдағы жылы 3 шаруашылықпен 1600 басқа арналған бордақылау кешені құрылысы аяқталды (400 басқа арналған Шыңғырлау ауданының «Бірлік» ШҚ, 1000 басқа арналған Казталов ауданының «Қамқор» ШҚ, 200 басқа арналған Жаңақала ауданының «Хафиз» ШҚ). Тағы 3 шаруашылықпен 1300 басқа арналған бордақылау кешені құрылысы жүргізілуде (400 басқа арналған Ақжайық ауданының «Аманер» ШҚ, 400 басқа арналған Сырым ауданының «Жібек жолы» ШҚ, 500 басқа арналған Тасқала ауданының «Арай» ШҚ).

«Сыбаға» бағдарламасын іске асырғаннан бері 334 шаруа қожалығы 3,2 млрд. теңгеге несие алды және 15,8 мың аналық мал басы мен 659 асыл тұқымды бұқашық сатып алынды.

Бүгінгі күнге 1036,1 тонна ет экспортталды (оның ішінде 412,3 тонна сиыр еті және 623,8 тонна етке шаққандағы азық-түлік өнімдері).

Ағымдағы жылдың 8 ай қорытындысы бойынша ет (2,7%-ға), сүт (0,6%-ға), жұмыртқа өндірісінің (15,9%-ға), мал басының барлық түрлерінің (ірі мүйізді қара мал - 7%-ға, қой - 15,3%-ға, ешкі - 6,8%-ға, жылқы - 15,4%, шошқа - 0,3%-ға) өскені байқалады.

Нарықты өңдеу саласының өнімдерімен толықтыру, импортты азайту және меншікті өнім түрлерін кеңейту мақсатында облыста инвестициялық жобалар енгізілуде.

Атап айтқанда, ет және шұжық өнімдерінің 70 түрін өндіру арқылы тәулігіне 20 тонна өнім шығаратын етті қайта өңдеу кешені пайдалануға берілді («Жайық-Ет» ЖШС). Ағымдағы жыл басынан бері аталған кешенде 4,7 мың тонна ет және ет өнімдері өндірілді, бүгінгі таңда 102 өнім түрі шығарылады.

Ағымдағы жылы қуаттылығы жылына 1750 бас мал соятын пунктті салу жұмыстары жүргізілуде («Жібек жолы» ШҚ), қуаты ауысымына 10 тонна етті құрайтын мал сою орны салынуда (70 бас мүйізді ірі қара мал, «Кублей» ЖШС).

Қуаты тәулігіне 1400 бас қозы соятын, вакуумдық орамадағы ірі кесекті және кесекті ет өндіру жөніндегі етті қайта өңдеу кешенін құру жобасы іске асырылуда («Батыс Марка Ламб» ЖШС). Бұл жоба экспортқа бағытталған болып табылады.

Қуаттылығы тәулігіне 3 тонна ешкі сүтін өндіру және өңдеу өндірісі бойынша жұмыстар басталды («Бисекеш» ШҚ).

Ағымдағы жылдың 8 айына ауыл шаруашылығы өнімінің жалпы көлемі 7,6%-ға өсті.

Тиімді жер нарығын қалыптастыру үшін соңғы жылдары өткізілген тексеру және түгендеудің қорытындысы бойынша пайдаланылмай тұрған 570,3 мың га жер анықталды. Соның ішінен 388,3 мың га мемлекет меншігіне қайтарылды, бұл ретте ауыл шаруашылығы айналымына 370,6 мың га тартылды.

 

Сұхбат

PhotoRoom