Қарағандының бұрынғы әкімі Мейрам Смағұлов екі айлық мерзімге қамауға алынды.
«Сот ҚР ҚК 307-бабының 4-тармағы бойынша айыпталған М.Смағұловты екі айға қамауға алу туралы шешім шығарды. Бұл мерзім 2014 жылдың 1 қазанынан бастап есептеледі», - деп сот үкімін жария еткен Қарағанды қаласы Қазыбек би аудандық сотының судьясы Еркеш Мәукен.
Судьяның хабарлауынша, Қарағандының бұрынғы әкіміне жер учаскелерін заңсыз беруіне байланысты екі айып тағылып отыр. Айыпталушы денсаулық жағдайына байланысты жазалаудың баламалы түрін қолдануды сұрады.
Прокурор М.Смағұлов тергеу органдарынан ізін жасырып кетуі және тергеу амалдарының объективті жүргізілуіне кедергі келтіруі мүмкін деген күдікпен оны қамауға алу туралы шешімді өз күшінде қалдыруды жөн көрді.
ҚазАқпарат