«Тассай» индустриалды аймағында 25 кәсіпорынның құрылыс жүріп  жатыр

Жаңалықтар
19.08.2017, 19:54

Шымкентте тағы бір индустриалды аймақтың құрылысы қарқынды жүріп жатыр. «Тассай» деп аталатын өндіріс ошағы негізінен құрылыс кластері мен трансформатор, жиһаз және медициналық құрал-жабдықтар шығаруға бағытталған. Мұнда қазірдің өзінде екі өндіріс орны ашылып, жұмыс басталды. Тағы 25 кәсіпорын салынып жатыр. Оңтүстіктің инвестициялық тартымдылығын арттыру мақсатында өңірде дәл осындай 11 индустриалды аймақ құрылған. Онда кәсіпкерлерге қажетті инфрақұрылым мемлекет есебінен жүргізілген. Бұл «Нұрлы жол»бағдарламасын жүзеге асыруға бағытталған өңірдегі ірі жобалардың бірі болмақ.390ebd10fd2cfc2d070a802adc8b44bf_L

«Тассай» индустриалды аймағының 22 гектарын алып жатқан зауыт жоғары кернеулі трансформатор шығарады. Бұл қазақ тарихындағы алғашқы әрі ең ірі кәсіпорын болмақ. Жалпы құны 17 миллиард теңгеден асатын кешен жылына 120 трансформатор шығаруға қауқарлы. Отандық өнім ішкі нарық пен ТМД елдерінің сұранысын қанағаттандырады, деп күтілуде. «Заманауи құрылғымен жабдықталатын өндіріс орнында жасалатын өнім бәсекелестікке төтеп бере алады»,- дейді мамандар.

Серғазы Күнтуаров, зауыттың бас директоры: - Енді бұл зауытқа дүниедегі бүкіл жақсы жаңалықты кіргізіп жатырмыз. Еуропа елдерінің ең алдыңғы деген технологиясы қолданылып жатыр. Қазақстанда бірінші 110-120 квт трансформатор шығады.Бұндай өнім бұрын шықпаған. Енді ол сапасы жағынан қолданылатын материал жағынан сапалы трансформатор болады.

Ал мына өндіріс ошағы қазірдің өзінде нарыққа Қазақстанда жасалған деген атаумен жиһаздың бірнеше түрін жөнелтіп жатыр. Ресей мен Қытайдан әкелінген тақтайшалар осында терең өңделеді. Тіпті мұнда 3-Д форматтағы ламинатталған тақтайша да шығарылады. Істі әр түрлі дизайнерлік  жұмыстан бастаған Сергей бүгінде бірнеше адамды жұмыспен қамтып отыр. Ол «кәсібімнің өрлеуіне мемлекеттің көп қолдауы болды»,-дейді,

Сергей Хегай, кәсіпорынның бас директоры: - Бастапқыда жұмысты қолмен бастады.Ол кезде азын-аулақ электр жарығын тұтындық. Өндіріс орынан ашқан кезде бізге жоғары кернеулі қуат көзі керек болды. Қарапайым трансформатордың өзін сатып алып орнатуға қалтамыз көтермейтін.Одан кейін үлкен ғимаратты жылыту бар,Көгілдір отын мен судың өзі үлкен көмек болды.

Ақпарат көзі: 24.kz

Сұхбат

PhotoRoom