Елбасы Бельгия мен Беларусь елдеріне барады

Жаңалықтар
03.10.2014, 16:46

Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаевтың қатысуымен өтетін алдағы іс-шаралардың аңдатпасы жарияланды.

6-қазанда Нұрсұлтан Назарбаевтың «Самұрық-Қазына» АҚ трансформация форумына қатысуы жоспарлануда. Бұл шараға шетелдік дербес қорлардың топ-менеджерлері шақырылған.

8-9-қазанда Мемлекет басшысының Бельгия Корольдігіне жұмыс сапары күтілуде, оның аясында осы елдің және Еуропалық комиссияның басшыларымен бірқатар кездесулер жоспарланған.

10 қазанда Қазақстан Президенті Минск қаласына барады. Мұнда ТМД Мемлекет басшылары кеңесінің, сондай-ақ Еуразиялық экономикалық қоғамдастықтың Мемлекетаралық кеңесі және Жоғары Еуразиялық экономикалық кеңестің мемлекет басшылары деңгейіндегі кезекті отырыстары өтеді.

Сұхбат

PhotoRoom