Бүгін Малайзия павильонының 450 мыңыншы қонағы – 6 жастағы Элвира Маратова Малайзияның мұрагер ханзадасы Тенгку Амир Шахтың қолынан бағалы сыйлық алды.
Малайзия павильонына келген астаналық Элвира Маратова күтпеген жерден Iphone 7 ұялы телефонына ие болды. Сыйлықты Малайзияның мұрагер ханзадасы Тенгку Амир Шах сыйға тартты,- деп хабарлайды Baq.kz. Әжесімен бірге көрмеге келген Элвира Маратова қуанышын жасырмады.
«Мен Малайзия павильонына бірінші рет келдім. Өз достарымнан осы павильон көңілді әрі қызықты екенін естіп, әжемді осында келуге көндірдім. Бірақ, мен бұл жерден Малайзия ханзадасын кездестіремін және оның қолынан сыйлық аламын деп ойлаған жоқпын. Сондықтан, Малайзия павильонына барудың өзі мен үшін керемет болды», - деді Элвира.
Өз кезегінде, Малайзия павильонының жастарға арналған апталығына арнайы келген ханзада Тенгку Амир Шах павильон ұжымына нәтижелі жүмысы үшін алғысын айтты.
Қазіргі таңда Малайзия халқы барлық тұтынатын энергияның 22,1 пайызын күннен, биотыннан және су электр станцияларынан алады. Ал, 2030 жылы күн сәулесінен алатын энергияның үлесін 21 пайызға дейін жеткізуді көздеп отыр.
Су энергиясы Малайзиядағы ең маңызды және ең ірі энергия көзі болып табылады. Жалпы Маалайзияда 5 ірі, 7 кішкентай су электр станциясы бар. Қазіргі таңда олардың снаны 20-ға жеткізу жоспарланып отыр.