Қазақстанда индустрияландыру аясында 100 жоба іске қосылмақ

Жаңалықтар
22.08.2017, 22:56

2017 жылдың 7 айының қорытындысы бойынша өңдеу секторының кәсіпорындарында өндірістің нақты өсімі 6,3% құрады. Бұл туралы мемлекеттік бағдарламаның іске асырылу барысына арналған Үкімет үйіндегі баспасөз мәслихатында ҚР Инвестициялар және даму бірінші вице-министрі Алик Айдарбаев мәлімдеді.

«2017 жылдың алғашқы тоқсанының қорытындысы бойынша өңдеу өнеркәсібіндегі еңбек өнімділігі 11,8 мың АҚШ долларын құрап, 5,3%-ға артты.111_13

2017 жылдың қаңтар – мамырында өңдеу өнеркәсібіндегі экспорт көлемі  2016 жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 27,8%-ға артып, 6,2 млрд. АҚШ долларын құрады. Бұл әлемдік нарықтағы баға конъюнктурасының қолайлылығына, өнімді өткізу нарығының кеңеюі мен жеткізу өсіміне байланысты іске асырылып отыр»,-деп атап өтті Алик Айдарбаев.

Өңдеу өнеркәсібінің негізгі капиталына салынған инвестиция көлемі 411,1 млрд. теңгені құрады. Яғни, 2016 жылдың қаңтар – маусым айларымен салыстырғанда 27,5 млрд. теңгеге өсіп, 2,7%-ға артқан.

«Индустрияландырудың екінші бесжылдығы іске асырыла бастағаннан бері (2015-2016 жж.) 7 трлн. теңгенің 258 жобасы іске қосылып, 21 мың тұрақты жұмыс орны ашылды. Ал, 2017 жылдың 7 айында құны 489,8 млрд. теңгеден асатын 32 жоба іске қосылды. Мұнда шамамен 3,9 мың жұмыс орны ашылды»,-деді Бірінші вице-министр.

2017 жылдың 2-ші жартыжылдығында құны шамамен 1 трлн. теңгеден асатын 100 жобаны іске қосу жоспарланған. Бұл бағытта ЭКСПО-2017 харықаралық көрмесінің оң ықпалы күтілуде.  Жобалар іске асқанда 10 мың тұрақты жұмыс орны ашылатын болады.

Сұхбат

PhotoRoom