Қазақстан экономикасындағы өңдеу өнеркәсібінің үлесі 30%-ға жетті

Жаңалықтар
22.08.2017, 17:19

Индустрияландырудың мемлекеттік бағдарламасын іске асыру жұмыстары нақты нәтижелер беруде – осындай пікірімен ҚР Үкіметі отырысының қорытындысы бойынша өткен баспасөз конференциясы аясында ҚР инвестициялар және даму бірінші вице-министрі Алик Айдарбаев бөлісті.e5252c33db186a3cd02dbfc4a48c1fd3_crop_l_3_t_73_w_1275_h_717_resize_w_360_h_203

Ол индустрияландырудың мемлекеттік бағдарламасының мақсаты – өндірісті әртараптандыру мен өңдеу өнеркәсібі секторының өсімі екенін айтты. Бұл туралы primeminister.kz сайты жазады.

«Біздің экономика әртараптандыруды талап ететінін білесіздер. Бірнеше жыл бойы осы бағдарлама жүзеге асырылып жатыр. Айқын нәтижелері бар. Өңдеу өнеркәсібінің өсімі жыл сайын байқалуда», - деді вице-министр.

Сонымен, бүгінде ЖІӨ-дегі өңдеу өнеркәсібінің үлесі 12%-ды құрады, ал жалпы экономикада 30%-ға жетті. А. Айдарбаев оған дәлел ретінде жаңа жұмыс орындарының ашылуын, өнеркәсіп өнімдерінің шығарылу көлемінің артуын және жалпы ел экономикасындағы үлестің сәйкесінше ұлғайтылғанын айтып өтті.

Сұхбат

PhotoRoom