ЕХРО-2017 көрмесі бизнестің тамырына қан жүгіртті

Жаңалықтар
24.08.2017, 01:37

Қазақ жерінде тоғысқан дүниежүзінің озық технологияларын өз көзімен көруге асыққандардың қарасы қалың. Астанаға ат басын бұрған шетелдіктер де көп. Қонақ үйлер меймандардан арылар емес. Мыңдаған келушінің арқасында елорданың бизнесі көтерілді. Қазынасы толды. Қонақ үй жұмысшыларының бос уақыты жоқ. ЕХРО басталғалы қарбалас. Келушілер көп. Қонақтарға арналған 32 бөлме бар. Сұраныс жоғары. Әсіресе шетелдіктер көп келеді дейді. Кешеннің директоры екі жарым айдың ішінде қанша пайда тапқанын жасырғанымен, «1000-ға жуық қонақ күттік» деп отыр. Ал мұндағы нөмірдің құны 17 мыңнан басталып, 30 мыңға дейін жетеді.28203-6-dlya_gostei_i_zhitelei_ru

«Алдыңғы жылға қарағанда біздің қонақ үйдегі қонақтардың саны ЕХРО-ға байланысты 4 есеге асты деп айта аламын. Алдыңғы жылы күніне 5 нөмір болса, осы жылы күніне 30 нөмірге дейін қонақ келеді. Біздің қонақүйге Германиядан, Сауд Арабиясынан көп келді. Біз олармен сөйлесеміз. Астана туралы сұраймыз. Қазақстан туралы сұраймыз. «Қатты ұнады» деп айтып жатыр»,-деп қонақ үй директоры Айгүл Нұреева.

ЕХРО көрмесі бизнесмендердің де несібесін еселеді. Көрмені тамашалауға келгендердің жүрек жалғап, аз-кем аяқ суытқысы келетіні белгілі. Қалашықтағы ас-ауқат сатылатын дүкендер мен мейрамханалар 560 мыңға жуық адамға қызмет көрсеткен. ЕХРО-ға келушілер 131 млн теңгеге тамақтанған. Ал жалпы тауар айналымы 900 млн теңгеден асады.

«Бастапқы тапсырма бойынша күніне шамамен 5 мыңға жуық адамды тамақтандыруымыз керек еді. Сенесіз бе? Біз қазір күніне 8 мыңға жуық қонаққа қызмет көрсетеміз. Кейде үлгере алмай жатамыз. Әсіресе түскі ас кезінде келушілер көп. Меніңше, шілдеде қонақтар көп болған сияқты. Біз тамызда келушілер легі азаяды деп болжаған едік. Олай болмады. Қонақтар әлі де келіп жатыр»,-деді аспаз Виталий Косенчук, аспаз:

ЕХРО кезінде әлемнің түкпір-түкпірінен келген заманауи технологиялар көрмеге қойылып қана қоймай, олардың жұмыс істеу принциптері көрсетілді. Сол арқылы біз әлемдегі озық техниканың қай бағытта, қалай дамып бара жатқанына куә болып отырмыз.

ЕХРО әлем халықтары арасындағы достықты нығайта түсті. Мамандардың айтуынша, халықаралық көрме еліміздегі ішкі туризмнің тамырына қан жүгіртті. Мәселен, көрме кезінде Бурабайға келген шетелдіктердің саны 3 есеге артқан.

Ақпарат көзі:24.kz

Сұхбат

PhotoRoom