Астанада «Еуразиялық апта» аясында өнеркәсіп саласының басты өндірушілерінің қатысуымен өтетін жыл сайынғы форум басталды. Форумға жетекші компаниялардың, ірі бизнес-қауымдастықтардың, дамыту институттарының, мемлекеттік органдардың өкілдері, сондай-ақ Қазақстан, Ресей, Белорусь, Армения мен Қырғызстанның кәсіпкерлері қатысуда. Бұл алаң тапсырыс беруші кәсіпорындар, ірі жүйе құраушы кәсіпорындар, жер қойнауын пайдаланушы компаниялар, отандық тауарөндірушілер мен ЕЭО елдері кәсіпорындары арасында өзара тиімді ынтымақтастық қалыптастыруға көмектеседі.
Пленарлық отырысты Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрлігі Индустриялық даму және өнеркәсіптік қауіпсіздік комитеті төрағасының орынбасары Тимур Нұрашев ашты. Сондай-ақ, ЕЭО елдері қатысушыларының өнеркәсіп саясаты мамандарының сөз сөйлеулері күтілуде. Қатысушылар тұрақты негізде Қазақстанға импортталатын жаңа өнім өндірісі бойынша ортақ ынтымақтастық қарым-қатынастарды қалыптастыру үшін халықаралық серіктестерден іскерлік ұсыныстарды қарастырады. Қатысушылардың Экспо-2017 көрмесіне барыуы да жоспарланған.
Пленарлық сессиядан кейін, Қазақстанда алғаш рет субконтрактілер биржасы өткізілетін болады. Аталмыш алаң өндірушілердің өнім тұтынушыларымен өзара іс-қимылы үшін, сондай-ақ, жаңа нарықтарға шығуға арналған. Бұл өз кезегінде бәсекеге қабілеттілікті жоғарылатып, шығарылатын өнім көлемі мен түрлерінің көбеюіне септеседі.
Ынтымақтастық туралы келіссөздер барысында компанияларға қазақстандық өнеркәсіптік өнімдердің каталогы ұсынылып, мемлекеттік қолдау шаралары бойынша кеңес беріледі.
Форум қорытындысы бойынша, тапсырыс берушілер мен тапсырыстарды жеткізушілер арасында «оффтейк» келісім-шарттарына, ұзақмерзімі шарттар мен келісімдерге қол қою жоспарланып отыр.
Іс-шара ұйымдастырушылары: «NADLoC» жергілікті қамтуды дамытудың ұлттық агенттігі» АҚ (Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрлігі, Еуразиялық экономикалық комиссия қолдауымен).