ОҚО-ғы балмұздақ шығаратын кәсіпорын шоколад шығаруды қолға алды

Жаңалықтар
26.08.2017, 14:38

Қазақстандағы балмұздақ шығаратын ірі өндіріс орны болып табылатын «Балмұздақ» ЖШС-гі алдағы уақытта шоколад шығаруды жоспарлап отыр. Қазіргі таңда қажетті құрылғылар сатып алынған.мороженое2

«Балмұздақ» ЖШС-гі 1989 жылы ашылған. Содан бері отандық және көрші қырғыз елінің нарығын балмұздақпен қамтып келеді. Мұндағы өнім тек таза, табиғи ингредиенттен  дайындалады. Олардың сапасы мен дәмі импорттық өнімдерден асып түседі. Халықаралық ИСО 9001-2009 стандартына сәйкестендірілген.

Жалған өнімнен сақтану үшін кәсіпорын 2000 жылы Қазпатент мекемесінде «Буратино» және «Аю» бейнелері бар фирмалық белгілерін патенттеп алған. Қазір ол белгілер Леңгір балмұздағын басқа өнімдерден ерекшелендіріп тұратын сапа белгісіне айналған. 2016 жылы  серіктестік 1252,2 миллион теңгенің өнімі шығарса, осы жылдың 6 айында 868,6 млн. теңгенің өнімін шығарған.мороженое5

Бүгінгі таңда мекеме өз өнімімен бүкіл елге танылған ірі компанияға айналған. Мұнда балмұздақтың 80-нен астам түрі шығарылады. Арасында брендке айналған «Ностальгия», «Смак», «Қарақұм» және басқа да түрлері бар.chocolate-e1488453774402

Еңбек  ұжымы  республикалық және облыстық байқауларда үнемі алдыңғы қатардан көрінеді. Елбасының  «Алтын  сапа»  сыйлығы  мен  Алғыс  хатын  да иеленген. «Балмұздақ»  ЖШС-гі  - бүгінде  бірнеше  ұлт  өкілдері бірлікте еңбек ететін үлкен кәсіпорын.

 

Сұхбат

PhotoRoom