ОҚО-да экспорттық бағытта өнім шығаратын 30 кәсіпорын бар

Жаңалықтар
27.08.2017, 20:53

Оңтүстік Қазақстанда экспорттық бағытта өнім шығаратын жалпы 30 кәсіпорын бар. Олар былтыр миллиардтаған өнімін шетел нарығына жөнелтсе, осы жылдың 5 айында 468 млн АҚШ долларының өнімін шетелге экспорттаған. Бұл туралы 24.kz сайты жазады.images

Оңтүстікте әсіресе машина жасау саласының жетістігі жоғары. Жергілікті жерде жасалған су сорғылар мұнай және химия саласының жұмысын біршама жеңілдетті. Ал Кентау трансформатор зауытында құрастырылған заманауи құрылғылар Орталық Азия елдерімен қатар ішкі нарықты толықтай қамтамасыз етуге жетеді.

 «2019 жылға қарай облыстың экспорттық әлеуетін 15 пайызға дейін арттыру міндеті тұр. Сәйкесінше шетелге өз өнімін шығарған кәсіпкерлерге мемлекет шығынының біршама бөлігін қайтарып береді. Міне осының арқасында экспорт көлемі де артады деп ойлаймын»,-деді облыстық кәсіпкерлік, индустриалды-инновациялық даму және туризм басқармасының бөлім жетекшісі Хикмат Райымбеков.

Шымкенттің іргесіндегі көлік-логистикалық аймағында бой көтеріп жатқан қоймалар шарулардың өндірген өнімдерін сақтап оны діттеген жеріне жеткізіп береді. Өйткені орталық тоғыз жолдың торабында орналасқан. Онда жалпы құны 34 миллиард теңгені құрайтын 8 инвеститциялық жоба жүзеге асып жатыр. Бүгінге оның екеуі іске қосылыпты. Бұл Астана мен Алматы қалаларынан кейінгі халықаралық стандарттарға жауап беретін А және В санаттағы қоймалары бар ең үлкен орталық болмақ. Жер телімін тегін алған отандық жеке инвесторлардың бір қатары күзгі жиын-терім біткенше қоймаларды іске қосамыз деп отыр.

 «Логистикалық орталыққа 2 миллиард теңгеге жуық инфраструктураға яғни мемлекет тікелей жәрдемі деп айтсақ болады. 1,7 шақырым темір жол, газ құбыры, су, кәріз жүйелері сонымен қатар 10МВТ электр подстанциясы салынған. Осының бәрі айналып келгенде қайтарымсыз бизнеске қолдау болып табылады»,-деді көліктік-логистикалық аймағының бас директоры Ерғали Бектаев.

Өңірде бұдан бөлек тағы 2 ауданда дәл осындай орталық ашылмақ. Оған ақ алтынның отаны Мақтарал мен күре жол бойындағы көне Түркістан шаһары таңдап алыныпты. Енді осы жерлерде де жергілікті кәсіпкерлердің күшімен қоймалар салынатын болады.

Сұхбат

PhotoRoom