«Астана-Павлодар»

Жаңалықтар
28.08.2017, 18:50

21106619_1639350506107240_5837328021536169142_n

 

Бүгін «ҚазАвтоЖол» компаниясы Министрліктің жәрдем етуімен «Астана – Павлодар» автожолында пресс-тур ұйымдастырды. Журналистер біздің мамандармен бірлесе отырып, «Нұрлы жол» мемлекеттік бағдарламасы шеңберінде салынып жатқан «Астана-Павлодар» автобанымен Астанадан Ерейментауға дейін жүріп өтті. Ұзындығы 1016 шақырым болатын Орталық – Шығыс дәлізін реконструкциялауды 2019 жылы толығымен аяқтау жоспарланып отыр. Биыл 786 шақырымында жұмыс жүргізіліп, жыл соңына дейін 240 км жолды пайдалануға беру көзделіп отыр. Астана – Павлодар учаскесінде 142 км жолға цемент-бетон жамылғы, 87 км жолдың үстіңгі қабатына асфальт-бетон жамылғы, ал 139 шақырымға табан жол салынған.

21149895_1639350559440568_7183182695091646078_n

Биылғы жылдың қорытындысы бойынша ел астанасы мен Павлодар арасында 171 шақырым жолды пайдалануға беру жоспарлануда. Яғни, автожолдың 320 шақырымында жаңа жол жамылғысымен жүру қамтамасыз етіледі. Аталған жобаны іске асыру кезінде Иран компаниясы өз міндеттерін толық орындамағандықтан, ондағы жұмыстар жоспарланған уақыттан кешікті. Қазір олармен келісім-шарттар бұзылып, мұндағы жұмыстарды аяғына жеткізетін жаңа мердігер ұйымдар анықталып, жұмысын бастап та кетті. Енді барлық жұмыстар жоспарға сай, өз уақытында орындалып жатыр. Астана, Павлодар және Өскемен арасындағы жаңа автожолдың сапасы барлық стандарттарға сәйкес болады.

21192437_1639350476107243_6523385549360442426_n

Сонымен қатар, жолдарды реконструкциялау кезінде қолданылатын материалдардың 90 % астамы отандық өнім екені біз үшін өте маңызды. Жобаны іске асыруға 3500 астам адам тартылып, 2000 астам техника жұмылдырылды. Жол құрылысына қатысы бар салаларда да (асфальт, бетон, құм және басқа да құрылыс материалдарын өндіру, сондай-ақ тамақтандыруды қамтамасыз ету және т.б. салалар) жұмыс орындары ашылып, жол бойындағы сервис нысандарының құрылысы жүргізіліп жатыр.

.............................

Сұхбат

PhotoRoom