Президенттің қатысуымен трансформация форумы басталды

Жаңалықтар
06.10.2014, 11:04

Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаевтың қатысуымен «Самұрық-Қазына» АҚ трансформация форумының жұмысы басталды. Бұл шараға шетелдік дербес қорлардың топ-менеджерлері шақырылған.

20141006094758

Шара барысында Қордың трансформация Бағдарламасы ресми түрде таныстырылып, тұсаукесері өтеді деп жоспарланған.

Форумға «Самұрық-Қазына» АҚ Басқарма Төрағасы  Өмірзақ Шөкеев, McKinsey Global компаниясының Басқарушы директоры Доминик Бартон,  «Самұрық-Қазына» АҚ директорлар Кеңесінің мүшесі, Тәуелсіз директоры Сэр Ричард Эванс,  Адизес институтының Бас директоры Ицхак Адизес, Нью-Йорк университетінің экономика профессоры, RGE Monitor компаниясының Президенті, әлемге танымал сарапшы Нуриэль Рубини қатысады деп күтілуде.

Сұхбат

PhotoRoom