Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаевтың қатысуымен «Самұрық-Қазына» АҚ трансформация форумының жұмысы басталды. Бұл шараға шетелдік дербес қорлардың топ-менеджерлері шақырылған.
Шара барысында Қордың трансформация Бағдарламасы ресми түрде таныстырылып, тұсаукесері өтеді деп жоспарланған.
Форумға «Самұрық-Қазына» АҚ Басқарма Төрағасы Өмірзақ Шөкеев, McKinsey Global компаниясының Басқарушы директоры Доминик Бартон, «Самұрық-Қазына» АҚ директорлар Кеңесінің мүшесі, Тәуелсіз директоры Сэр Ричард Эванс, Адизес институтының Бас директоры Ицхак Адизес, Нью-Йорк университетінің экономика профессоры, RGE Monitor компаниясының Президенті, әлемге танымал сарапшы Нуриэль Рубини қатысады деп күтілуде.