Астанада оңтүстікқазақстандықтар айттық дастарxан жайды

Жаңалықтар
01.09.2017, 23:29

Құрбан айт мерекесі күні Астана қаласындағы «Қазанат» атшабарындағы этноауылда Оңтүстік Қазақстан облысының күндері аясында xалыққа дастархан жайылып, 300 келі палау таратылды. Айттық дастарxаннан бес мыңға жуық адам дәм татты. Шараның мақсаты - асыл дініміздің құндылығын арттырып, қазақ халқының дархандығы мен мәдениетін паш ету.a3dcdbbb-749c-425a-97fc-be0199f30f23

Шарада сөз алған Оңтүстік Қазақстан облысы әкімінің орынбасары Ұласбек Сәдібеков барша астаналыктарды Құрбан айт мейрамымен құттыктады.4efc5412-2127-4f55-841c-cf0de0de0bde

«Өздеріңізге мәлім, 2017 жылғы 29 тамыз – 3 қыркүйек аралығында «ЭКСПО-2017» халықаралық мамандандырылған көрмесі аясында Астана қаласында Оңтүстік Қазақстан облысының күндері өтуде. Құрбан айт - Алланы еске алуға себепкер болатын және адамдардың бір-біріне қайырым жасауына ұйытқы болатын ерекше діни мейрам.  Қасиетті Құрбан айт мерекесінде ынтымақ пен бірлігімізді, өзара татулығымызды арттыру мақсатында, облыс басшысы атынан астаналықтарға және елорда қонақтарына арнайы дастархан жайып ас таратылып отыр», - деді Ұласбек Сәдібекұлы.36608307-3c3e-4688-a62f-7bac733e38cb

Шара барысында Құрбан айт мерекесіне орай бір ірі қара мен екі қой құрбандыққа шалынып, 1 тонна бауырсақ пісірілді. Қала тұрғындары мен қонақтарына Төлеби ауданының қымызы мен Отырар ауданының шұбаты ұсынылды. Сондай-ақ келушілерге оңтүстіктің тәттілігі тіл үйірер жеміс –жидектері мен қауын-қарбызы тегін үлестірілді.dcbcdf9d-cfb2-4cfb-9b54-a94f70005edf

Облыстың мәдени, тарихи келбетін айқындайтын 2000-ға жуық құнды жәдігерлер мен қылқалам және қолөнер шеберлерінің туындылары да Астана халқы мен ЭКСПО қонақтары назарына ұсынылды. Соның ішінде қазақ тарихында орны айырықша Кенесары Қасымұлының қылышы да бар.8711ebe1-bba1-4240-8fd1-3e4bafe0277c      

Этно ауылдағы ұлық мерекенің көркін Оңтүстік Қазақстан облыстық филармониясының әншілері қыздыра түсті. Күміс көмей, жез таңдай әншілер кйіз үйлерді аралай жүріп, қазақтың дәстүрлі әндерін нақышына келтіріп орындап, көпшілік ықыласына бөленді.70a3b6b0-26a7-42a8-b0ea-becd5e669f72

f6783ad5-5d68-47c8-9add-5e76600a294e

5de65b10-5563-4733-bf69-2a05d6bcbb49

Фото авторы Самат Мырзалиев.

Сұхбат

PhotoRoom