Оңтүстік «Қазанат» атшабарында ұлттық ат спорты түрлерінен жарыс ұйымдастырды

Жаңалықтар
03.09.2017, 15:23

Оңтүстік Қазақстан облысының Астана қаласындағы күндері аясында «Қазанат» атшабарында ұлттық ат спорты түрлерінен жарыс ұйымдастырылды.  Атшабарға жиналған қауым аударыспақ, қыз қуу, жамбы ату, теңге ілу, құсбегілік және ат үстінде жігіттердің өнерін тамашалады.02 (2)

Шараның ашылу салтанатына еліміздің оңтүстік өңірінен шыққан белгілі спортшылары - олимпиада ойындарының күміс жүлдегері Мұхтархан Ділдәбеков, әлем чемпионы Біржан Жақып, қазақ көркем гимнастикасының жарық жұлдызы Әлия Юсупова, ауыр атлетикадан әлемге танылған Жазира Жаппарқұл және ҚР Мəдениет жəне спорт вице-министрі  Сəкен Мұсайбеков, жазғы олимпиада ойындарының күміс жүлдегері Жазира  Жаппарқұл, ҚР Парламентінің депутаты, даңқты боксшы Серік Сəпиев сынды еліміздің  белгілі  спорт саңлақтары қатысты.2 (13)

Ат спорты түрлерінен бастау алған спорттық шара  ересектер арасында 80 келіден жоғары салмақ дәрежесі бойынша қазақ күресіне ұласты. 

Бұдан бөлек, жасөспрімдер мен жастар арасында асық атудан, жастар және ересектер арасында тоғызқұмалақтан, көрермендар арасында салмағы 35 келі болатын қошқар көтеру сайыстары өтті. Қошқарды иығына салып 28 көтерген Бердіқұл Əлфарабиға тең келер ешкім болмады. Теңге алудан Мағжан Сапарбеков жүлдегер атанды.7   

Жарыс қорытындысына сай жеңімпаздар бағалы сыйлықтармен марапатталды.8 (3)

- Жарысымызға Қазақстанның Астана мен Алматы және басқа да облыстарынан спортшылар келіп қатысып жатыр. Жарысқа шет елдерден келген көрермендердің қызығушылығы өте жоғары, бүгін күн соңына дейін жарыс жеңімпаздары анықталып, ЕХРО аясында өтіп жатқан спорт жарысын қорытындылайтын боламыз. Одан бөлек көрермендер арасында қошқар көтеруден де жарысымыз бар,-деді ОҚО дене шынықтыру және спорт басқармасының басшысы Әлібек Нұртаев.

11 (6)

Сұхбат

PhotoRoom