Елордада өткен Оңтүстіктің күндері аясында ЭКСПО-2017 көрмесіне келушілер саны рекордқа жеткен

Жаңалықтар
04.09.2017, 22:46

28 тамыздан 3 қыркүйекке дейінгі аралықта ЭКСПО-2017 халықаралық көрмесіне 398 341 адам келді. Яғни орташа есеппен күніне 56 905 адам келген. Келушілердің рекордты саны 3 қыркүйек күні тіркелген. Бұл күні көрмеге 75 мыңнан астам адам келген. Бұл туралы «Астана ЭКСПО-2017» ҰҚ» АҚ баспасөз қызметі мәлімдеді.d0009a79-fb70-4a89-9b5c-e9d0b4f7a619

Мұндай рекордты көрсеткішке 3 қыркүйек күні EXPO-2017 халықаралық мамандандырылған көрмесінің амфитеатрында Оңтүстік Қазақстан облысынан шыққан экстрада жұлдыздарының «Ән мен күй әлдилейді Астананы!» атты Гала-концерті сеп болып отыр дейді желі қолданушылары. Концертте елорда тұрғындары мен қонақтарына Нұрлан Өнербаев, Қайрат Нұртас, Жұбаныш Жексенұлы, Алтынай Жорабаева, Заттыбек Көпбосынұлы, Маржан Арапбаева, А.Жайлаубаева сынды өнер иелері әннен шашу шашқан.

Айта кетейік, Астана қаласында 29 тамыз бен 3 қыркүйек аралығында Оңтүстік Қазақстан облысының күндері өткен болатын. Бұл аралықта оңтүстікқазақстандықтар бірқатар ауқымды іс-шара ұйымдастырып, Астана аспанын ән мен күйге шуақты күнге бөледі.

Олардың арасында бизнес-форум, тауар өндірушілер мен ауыл шаруашылығы өнімдерінің жәрмеңкесі бар. Оңтүстік халқы астаналықтарды бұған қоса ерекше концерттік бағдарламаларымен, ұлттық ат спорты ойындарының жарысымен қуантты және қала тұрғындары мен қонақтарына арнап Құрбан айтта дастархан жайып, 300 келі палау пісіріп, таратты. Диқандары 40 тонна қауын-қарбыз әкеліп, әлеуметтік төмен отбасылар мен балалар үйіне үлестіріп берді.

Жалпы, «Астана ЭКСПО-2017» ҰҚ» АҚ баспасөз қызметінің мәліметінше, көрме ашылғалы бері 10 маусымнан 3 қыркүйекке дейін Астанаға келіп, көрмені тамашаушылар саны 3 миллион 525 мың 300 адамға жеткен.

Сұхбат

PhotoRoom