Ертең Шымкент қаласы «Қайнар» қонақ үйінің мәжіліс залында облыстық ішкі саясат басқармасының ұйымдастыруымен «Мәңгілік ел – Ұлттық идеямыздың түп қазығы» Қазақстан -2050 Стратегиясын жүзеге асыруға арналған саясаттанушылардың республикалық конференциясы өтеді.
Конференцияға Астана мен Алматыдан Ерлан Карин, Айдос Сарым, Бақытжан Бұхарбай, Есенжол Алияров, Жарқын Түсіпбекұлы секілді елімізге белгілі саясаттанушылар келеді.
Сонымен қатар, іс-шараға облыс әкімінің бірінші орынбасары Б.Оспанов, облыстық ішкі саясат басқармасы, діни істер басқармасы, жастар саясаты мәселелері басқармасының басшылары, аудан, қалалық ішкі саясат бөлімдерінің басшылары және жастар орталықтарының жетекшілері қатысады.