Саясаттанушылар "Мәңгілік ел" идеясын тарқатып берді

Жаңалықтар
09.10.2014, 10:33

Шымкент қаласында облыстық ішкі саясат басқармасының ұйымдастыруымен «Мәңгілік ел – Ұлттық идеямыздың түп қазығы»Қазақстан -2050 Стратегиясын жүзеге асыруға арналған саясаттанушылардың республикалық конференциясы өтіп жатыр.

2 (2)

Конференция жұмысын ОҚО Ішкі саясат басқармасының басшысы Берік Уәли ашып, "Елбасының 2014 жылғы 17 қаңтардағы "Қазақстан жолы - Бір мақсат, бір мүдде, бір болашақ" атты Жолдауында ұлтты ұйыстырып, еліміздің әрі қарай дамуына жоспар жасап бергені белгілі. Ұлытау төріндегі сұқбатында да Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаев "Мәңгілік ел" идеясының өзектілігін атап өткен болатын. Осы ретте Оңтүстік өңірде осындай маңызды шара ұйымдастырып отырмыз" деп, конференцияға қатысушыларға алғысын білдірді. Бұдан кейін Облыс әкімінің бірінші орынбасары Берік Оспанов сөз алып, Президент Жолдауы бойынша атқарылып жатқан бірқатар мәселелерге тоқталды.

Айдос Сарым, саясаттанушы: "Әсіресе қазіргідей геосаяси күрделі ахуал қалыптасып отырғанда осындай жиынды өткізу - өзекті. Біз тәуелсіз ел болғанымызбен осы уақытқа дейін экономика дедік, басқа дедік, тарихи жадыны жаңғырту, ұлттық құндылықтарды дәріптеу мәселесін бүгін айтуымыз керек. Қазір бізде орыстілділер мен қазақтілділердің арасында алшақтық бар. Осы мәселе бір шетін дүние. Бір мүддеге жұмылатын, жұмылдыратын кез келді деп есептеймін".

Ерлан Қарин "Ұлттық идея дегеніміз не?" деген сұраққа берілген Б. Тайжанның, А. Сейдімбектің, И. Тасмағамбетовтың, М. Құл-Мұхаммедтің, Г. Бельгердің, Ә. Кекілбайдың берген жауаптарынан мысалдар келтірді. Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың әр жылдардағы Жолдауларының тақырыптарын тарқатып, олардың әрқайсысы стратегиялық мақсаттарда айтылатынын тілге тиек етті. "Мәңгілік ел" идеясын тарихшылар алыстан іздейді. Түркі тайпаларының бірігуіне негіз болған платформа екенін айтады" деп атап өтті.

Сұхбат

PhotoRoom