ҚАЗАҚСТАН МЕН БАӘ-НІҢ ИНВЕСТИЦИЯ САЛАСЫНДАҒЫ ЫНТЫМАҚТАСТЫҒЫ

Жаңалықтар
07.09.2017, 12:59

эксп

Астана ЭКСПО-2017 халықаралық көрмесі аясында Біріккен Араб Әмірліктерінің ұлттық күні өтті. Қазақстан тарапын Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму вице-министрі Тимур Тоқтабаев, ал әмірлік тарапын БАӘ Ұлттық медиа кеңесінің Бас директоры Мансұр Әл-Мансұри басқарды.

Халықаралық көрмеге үлкен дайындықпен, тың идеялық көрмелерімен келген Біріккен Араб Әмірлігінің делегациясы ЭКСПО қонақтарын таңқалдырғаны рас. Көрмені өткізу барысында біршама елдермен арада қарым-қатынастар орнатуға да мүмкіндіктер туды. Болашақ энергияның ең тиімді әдістерін тәжірибеге ендіру ісі алдағы уақытта БАӘ –мен жетілдіріле түспек. Әсіресе күн энергиясын ең жоғарғы технологиямен өндіруге мән беріліп отыр. Адамзат үшін зиянсыз, пайдасы орасан, тиімді энергия көзін табу – ол болашақ технология еншісінде.

 

 

Биыл Қазақстан- БАӘ екі ел арасындағы дипломатиялық қарым-қатынастың орнағанына 25 жыл толуы аталып өтілді.

Соңғы жылдары біздің екі ел басшыларының ерік-жігері арқасында елдер арасындағы саяси және сауда-экономикалық өзара ынтымақтастық едәуір дамып, қарқындай түскен.

Қазақстанмен сауда саласында Біріккен Араб Әмірлігі араб түбегіндегі елдер арасында бірінші орында. Өткен жылы тауар айналым 3,5 есеге артып, 380 млн. АҚШ долларын құрады.

Инвестиция саласындағы ынтымақтастық тұрақты өсу динамикасын көрсетуде. Соңғы 12 жылда Біріккен Араб Әмірліктерінен Қазақстанға келген тікелей инвестициялардың көлемі 2 млрд. АҚШ долларына жетті.

Ал, Қазақстаннан БАӘ экономикасына құйылған инвестицияның көлемі шамамен 1 млрд. долларды құрады. Бүгінгі күні Қазақстанда Әмірлік капиталының қатысуымен 190-нан астам бірлескен кәсіпорын жұмыс істейді.

Сұхбат

PhotoRoom