Президент Миланға барады

Жаңалықтар
14.10.2014, 13:07

Қазанның 16-17-і күндері Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаев Италияның Милан қаласына жұмыс сапармен барады. Сапары аясында «Азия-Еуропа» форумының 10-шы саммитіне қатысу, сондай-ақ бірқатар екіжақты кездесулер өткізу жоспарланған. Бұл туралы  Ақорданың баспасөз қызметінен хабарлады.

Басты тақырыбы «Орнықты даму және қауіпсіздікті нығайту жолындағы жауапты серіктестік» деп аталатын форум жұмысына 50-ге жуық елдің мемлекет және үкімет басшылары қатысады.

Қазақстан Орталық Азиядан осы форумның мүшесі мәртебесіне ие болған бірден-бір ел болып саналады.

Сұхбат

PhotoRoom