Бүгін ҚР Инвестициялар және даму министрлігінің медиа-орталық алаңында «Қазақстанда стандарттау: ағымдағы жағдайы мен перспективалары» тақырыбында баспасөз конференциясы өтті.
Қазақстандағы стандарттау, оның ағымдағы жағдайы және перспективалары туралы «ҚазСтИн» РМК Бас директоры Қайрат Кәрібжанов баяндады.
Оның айтуынша, біздің елдің әлемнің ең дамыған 30 мемлекетінің қатарына кіруі жөніндегі тұжырымдамасы шеңберінде техникалық стандарттарды жетілдіру арқылы отандық жеткізушілердің халықаралық бәсекеге қабілеттілігін арттыру мәселесіне ерекше мән берілген. Қабылданған бағдарламалық құжаттар экспортты дамыту, инвестиция тарту, салаларды жаңғырту мен экономиканы сандық нысанға айналдыру міндеттерін алға қояды.
Брифинг барысында қазіргі қолданыстағы стандарттар саны бойынша (31 мың) Қазақстан қолданысында 30-35 мың стандарты бар дамыған елдер деңгейіне жуықтағаны айтылды. Стандарттаудың болашағына келсек, алға қойылған мақсаттарға жету үшін «Стандарттау туралы» Заңын қабылдап іске асыру керек. Барлық мүдделі тұлғаларды бір жерге біріктіріп, стандарттауды әрі қарай қалыптастырып дамыту мәселесімен тығыз айналысатын кәсіби алаң құру маңызды, деді баяндамашы.
- стандарттауды мемлекеттік реттеудің жеке саласына шығару;
- ұлттық стандарттау жүйесін нақты заңнамалық бекіту;
- стандарттау бойынша барлық процестерді үйлестіруі керек кәсіби оператор ретінде Ұлттық стандарттау органын анықтау;
- салалар бойынша барлық мүдделі тараптар мамандарын біріктіретін стандарттау жөніндегі техникалық комитеттер рөлін күшейту.
Сондай-ақ баспасөз конференциясы барысында халық арасында және бизнес-қоғамдастықта стандарттардың сұранысқа ие екендігі айтылды. Қайрат Кәрібжанов Нормативтік техникалық құжаттардың бірыңғай қоры мен «Бір терезеден» әр мүдделі тұлға кез келген техникалық құжатты жылдам және жеңіл ала алатын Интернет-дүкен онлайн-ресурстың ашылғаны туралы айтып өтті.
Халықаралық экономикалық қоғамдастыққа бірігу мәселесі де сырт қалған жоқ. Институт құрамында Саудадағы техникалық кедергілер жөніндегі ақпарат орталығы құрылды. Ол отандық экспорттаушыларды ДСҰ мүше елдердің техникалық регламенттері мен стандарттарының жобасы туралы ақпаратпен қамтамасыз етеді. Ел бизнесінде аталған құжаттарды қарастыру және өз ескертулерін жолдау мүмкіндігі бар. Институт міндеті – аталған ескертулерді ДСҰ мүше елдерге жеткізу және оларды ДСҰ саудадағы техникалық кедергілер жөніндегі комитеталаңында қорғап қалу. Бұл экспорт кезінде техникалық кедергілерді болдырмауға бағытталған.
Сайгез Ақпарат