Қ. Бишімбаев Президентке есеп беріп шықты

Жаңалықтар
14.10.2014, 16:34

Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев «Бәйтерек» «Ұлттық басқарушы холдингі» АҚ басқармасы төрағасы Қуандық Бишімбаевты қабылдады, деп хабарлайды Ақорданың баспасөз қызметі. 

Кездесуде Қ.Бишімбаев Мемлекет басшысына «Бәйтерек» холдингінің 2013 жылғы қызметінің нәтижелері, сондай-ақ холдингтің компаниялар тобы жүзеге асырып жатқан инвестициялық жобалар туралы баяндады.

Қазақстан Президенті«Бәйтерек» холдингіне кіретін даму институттары «Самұрық-Қазына» АҚ іске асыратын трансформациялар жөніндегі шараларды назарға алғаны жөн екенін атап өтті.

Сонымен қатар Нұрсұлтан Назарбаев шағын және орта бизнесті қаржыландыруға мемлекет бөлген қаражат экономиканы одан әрі дамытуға оң әсерін тигізу мақсатында тиімді игерілуге тиістігіне тоқталды.

Қ.Бишімбаев «Бәйтерек» холдингі 2014-2023 жылдарға арналған даму стратегиясын қабылдағанын, оның негізгі бағыттары «Қазақстан-2050» стратегиясын жүзеге асыруға қатысу, елдің индустриялық-инновациялық даму бағдарламасын қаржыландыру, шағын және орта бизнесті қолдау, сондай-ақ шетелдік және ішкі инвестицияларды тарту болып саналатынын айтты.

«Бәйтерек» холдингі басқармасының төрағасы даму институттарының инвестициялық және кредиттік қызметінің жандандырылуы, сондай-ақ тиімсіз шығыстардың азайтылуы туралы хабардар етті.

Мемлекет басшысы кездесу қорытындысы бойынша бірқатар нақты тапсырмалар берді.

 

Сұхбат

PhotoRoom