ҚР Сыртқы істер министрі Ерлан Ыдырысов Еуропалық сыртқы әрекет қызметінің Еуропа және Орталық Азия мемлекеттері бойынша Басқарушы директоры Луис де ла Пеньямен келіссөздер өткізді, деп хабарлайды Bnews.kz.
Келіссөздер барысында сұхбаттасушылар екі жақты ынтымақтастық мәселелерінің жағдайы мен болашағын, оның ішінде экономика, энергетика, қауіпсіздік және ЕО шектеу тізімінен қазақстандық әуе компанияларды шығару мәселелері, сондай-ақ, халықаралық күн тәртібінің өзекті сұрақтары бойынша, оның ішінде, Орталық Азия – Еуропалық Одақ форматындағы ынтымақстастық бойынша, пікір алмасты.
Келіссөздердің басты тақырыбы Мемлекет басшысының биылғы жылдың 8-9 қазандағы Брюссельге сапарының нәтижелері болды. Сапар барысында ҚР мен ЕО арасындағы жаңа кеңейтілген әріптестік және ынтымақтастық жөніндегі Келісім бойынша келіссөздердің сәтті аяқталуы және тараптар арасында Қазастанның ДСҰ-ға кіру туралы келіссөздердің аяқталуы туралы саяси мәлімдемелерге қол қойылды. «ЕО-мен жаңа Келісім – бұл барлық саладағы ынтымақтастығымызды жаңа сапалы деңгейге шығаруға мүмкіндік. Сондықтан біз осы барлық әлеуетті жүзеге асыруға мүдделіміз, оның ішінде инновациялар, технологиялар, және визалық ынтымақтастық салада секторалды келісімдерге қол қоюға мүдделіміз», - дейді Е.Ыдырысов.
ҚР мен ЕО азаматтарының өзара сапарлар санының артуын атай отырып, тараптар визалық режимді жеңілдету болашағын талқыға салды. Бұл өз кезегінде Қазақстан мен Еуроодақ арасындағы саяси, экономикалық және мәдени-гуманитарлық диалогтың артуы мен тереңдей түсуіне жол ашады. «Жыл сайын 100 мыңнан астам Қазақстан азаматы Еуропа мемлекеттеріне сапар жасайды. ҚР мен ЕО арасындағы визалық режим қалыптасқан жағдайға және саяси және экономикалық диалогты дамытудың мақсаттарына сай келмейді», - дейді ҚР СІМ басшысы.
ОА-ЕО ынтымақтастығын алға тарта отырып, Министр ЕО-ның Орталық Азиядағы Стратегиясының сәтті түрде жүзеге асуына мүдделі екенін атап өтті. «Стратегия тек еуропалық қоғамның мүдделеріне ғана жауап бермеуі керек, сонымен қатар, аймақтық қауіп-қатерлерді ескере отырып, біздің өңір елдерінің орта және ұзақ мерзімді қажеттіліктеріне жауап беруі керек Осы орайда ОЕ-ның ОА-ЕО қауіпсіздік мәселелері бойынша жоғары деңгейлі Диалогты өткізу туралы бастамасын жоғары бағалайды және қолдайды. Қазақстан осы саланы дамыту үшін көмекті оған тиісті деңгейде қатысу арқылы ары қарай көрсетуге дайын», - деп тәмәмдады ол.