АСТАНА МЕН АЛМАТЫДАН ОРАЛҒА ПОЙЫЗБЕН ЖЕТУ УАҚЫТЫ ҚЫСҚАРАТЫН БОЛДЫ

Жаңалықтар
22.09.2017, 15:03

g8WlKvjHJ624

2017 жылдың 22 қыркүйегінде Қазақстан Республикасы мен Ресей Федерациясы сыртқы істер министрліктерінің өкілдері арасында ратификациялау туралы грамоталармен алмасу рәсімінің қорытындысы бойынша 2016 жылғы 4 қазанда Астана қаласында қол қойылған Қазақстан Республикасының Үкіметі мен Ресей Федерациясының Үкіметі арасындағы 1996 жылғы 18 қазандағы теміржол көлігінің кәсіпорындары, мекемелері мен ұйымдарының қызметін құқықтық реттеудің ерекшеліктері туралы келісімге өзгертулер енгізу жөнңндегі хаттама күшіне енгізілді.

Осыған орай, қазақстандық жолаушылар пойызы Ресей Федерациясы аумағында тоқтаусыз жүрген жағдайда Жайсаң – Илецк – Шыңғырлау шекара маңы учаскесінде шекаралық тексерудің барлық түрлерінен босатылады. Бұл жол жүрудің уақытын едәуір қысқартады.

2017 жылғы 26 қыркүйекте Астана-Орал және Алматы-Орал бағыты бойынша «Тұлпар-Тальго» жолаушы тасымалдаушы пойызы іске қосылатын болады.

№ 49/50 «Алматы-Орал» және № 95/96 «Астана-Орал» бағытындағы «Тұлпар-Тальго» жолаушы тасымалдаушы пойызының жол жүру уақыты осы бағытта жүретін басқа пойыздармен салыстырғанда 22 және 13 сағатқа аз.

Пойыз құрамында жолаушыларға барлық қолайлы жағдайлар жасалған және мүмкіндігі шектеулі азаматтарға арнайы вагондар қарастырылған.

Сұхбат

PhotoRoom