Республикадағы ірі кілем зауыты тоқыма саласына қосар үлесі мол. Бүгінде фабрика айрықша ою-өрнектермен әрленген, отандық кілемнің 2000-нан астам түрлерін облыс тұрғындарына ұсынуда. Жобаның серіктесі - әлемдегі ең ірі 5 кілем өндірушілердің бірі болып табылатын және әлемдік нарықта 20 жылдан астам тәжірибесі бар «Kartal Hali» (Түркия) компаниясы. Фабриканың шығарған өнімінің 30% экспортқа бағытталған. Кәсіпорынның шығаратын өнімі Ресей, Қырғызстан, Тәжікстан, Әзербайжан, елдерінің нарығына шығарылып қана қоймай алыс шет елдерге атап айтқанда Германия, Франция, Ұлыбритания мемлекеттеріне экспортталуда. Жобаны іске асыруға «Бизнестің жол картасы 2020» мемлекеттік бағдарламасы аясында 1,4 млрд теңге көлемінде алынған несиесін субсидиялаған.