Еуразиялық менталитеттің арқасында Қазақстанда діни қайшылықтар, қақтығыстар туындататын ешқандай негіз жоқ. Бұл туралы Астанада «Бүгінгі Қазақстанның діни алуандығы» тақырыбындағы жиында Қазақстанның діни бірлестіктер қауымдастығының директоры Александр Клюшев айтты.
«Қазіргі таңда Қазақстандағы еуразияшылдық менталитеттің толеранттылығы арқасында діни қақтығыстар үшін ешқандай да салмақты алғышарттар жоқ екендігін айтуымызға болады. Әрине, Ирактағы, Сириядағы соңғы жағдайлар белгілі бір қауіптердің де бар екенін айғақтайды. Дегенмен, осының өзі біздің қауымдастықтың қызметіндегі жауапкершілікті одан сайын арттыра түсірмек», - деді А.Клюшев.
Оның айтуынша, Қазақстанда толеранттылық рухындағы түрлі бағыттағы диалогты дамытудың, адамдар арасындағы ізгі өзара қарым қатынасты нығайтудың маңызы зор.
«Жалпы, барлық конфессиялардың сындарлы сұхбат жасап тұруы - Қазақстанда ғана емес, кез келген әлем елдерінде тұрақтылықтың сақталуы мен бейбітшілікті нығайтуға апарар ең басты жолдардың бірі», - деді қауымдастық басшысы.