Санкциялар құрсауында қалған Ресей экономикалық қиыншылықтарға қарамастан, 2015 жылдың бюджетінен ұлттық қорғанысына 3 трлн 286,8 млрд рубльге дейін бөлуді көздеп отыр. Бұл дегеніңіз 80 млрд АҚШ доллары. Ішкі жалпы өнімінің 4,2 пайызы екен. Мәліметті Думадағы қорғаныс ісі бойынша комитет төрағасы Владимир Комоедов таратты.
Оның айтуынша, шығынның негізгі бөлігі әскер мен флоттағы басты проблемаларды шешуге жұмсалады. Сондай-ақ, қайта қаруландыру, арнайы техникалар мен әскери қызметкерлерді әлеуметтік қорғау және тағы басқа салаларға бөлінеді.
Ескерте кетейік, жақында ғана Ресейдің қаржы министрі Антон Силуанов қорғаныс саласына кететін шығын көлемін қысқарту аса қажет екенін айтқан болатын. Соған қарағанда қанша тыраштанса да, Ресей экономикасының түбі көріне бастаған сияқты.