Мамытбеков отставкадан қорықпайтынын айтты

Жаңалықтар
16.10.2014, 19:36

Ауылшаруашылығы министрі Асылжан Мамытбеков facebook әлеуметтік желісіндегі парақшасына Өміряевқа қатысты пікірін жазды.

"Мен оның кінәсіз екеніне сендім, әлі де ойымнан айныған жоқпын. Сот үкімі әлі күшіне енген жоқ, сондықтан заң бойынша, Конституцияға сәйкес ол кінәсіз. Оның адвокаттарына дәлелдеп шығуға уақыт бар" деген министр.

"Жұмыстан кетуге әзірсің бе?" деген сұраққа "иә" деп жауап беремін. Мен сенімнен шыққанда жұмыстан кетуге дайынмын. Бұл менің жұмысымды бағалауымнан емес. Мен өте жоғары бағалаймын. Өзіме қазір айналысып жүрген ісім ұнайды" депті А. Мамытбеков.

Естеріңізге сала кетейік, Өміряев күдікті ретінде ұсталған кезде министр "егер ол кінәлі болса, жұмыстан кетуге дайынмын" деген болатын.

Сұхбат

PhotoRoom