Тағы бір әкім - Ізмұхамбетов былтыр уәде берген жерге келеді

Жаңалықтар
16.10.2014, 22:48

Ертең, яғни 17-қазанда ҚР Президент жанындағы Орталық коммуникациялар қызметінде Атырау облысының әкімі Бақтықожа Ізмұхамбетовтің қатысуымен брифинг өтеді. Облыс басшысы «Өңірдің әлеуметтік-экономикалық дамуы, мемлекеттік және салалық бағдарламалардың жүзеге асырылуы» тақырыбында сөйлейді.

Бақтықожа Салахатдинұлы былтыр қыркүйек айының соңында келген болатын. Атырау облысының әкімі өңірде экологиялық кешенді зерттеулер жүргізілетінін айтқан болатын. Сол кезде зерттеудің басталғаны туралы айтылған-ды.

Сондай-ақ, Атырау облысында мұнай мен газдың бағасы түскен жағдайда «Б» жоспарының бар екенін алға тартқан болатын. Әлемде мұнай бағасының құлдырауы байқалады. Биыл қандай жоспары бар екен? Міне, осы мәселелерді есіне қайта түсіріп, сауал қоюға мүмкіндік туып отыр.

Сұхбат

PhotoRoom