Оңтүстікте үлкен жиын басталды

Жаңалықтар
17.10.2014, 11:23

Оңтүстік Қазақстан облысының орталығы Шымкент қаласында облыстық ішкі саясакт басқармасының ұйымдастыруымен Тұрар Рысқұлов пен Сұлтанбек Қожановтың 120, "Оңтүстік Қазақстан" газетінің 90 жылдығына орай ғылыми-теориялық коференция басталды. Оған Еуразия ұлттық университетінің ғалымдары Дихан Қамзабекұлы, Қайрат Сақ, ақын Мұхтар Шаханов бастаған зиялы қауым өкілдері қатысып отыр.

1898025_585369238253179_8567120080831860013_n

Облыстық ішкі саясат басқармасының басшысы, конференция модераторы Берік Уәли бізге берген сұқбатында арих ғылымдарының докторы Ануар Исмаилов Тұрар Рысқұлов туралы «Түркi әлемiнiң көрнектi мемлекет қайраткерi» тақырыбында ой қозғайды. Ал филология ғылымдарының докторы, қожановтанушы Амантай Шәрiп Сұлтанбек Қожанов жөнiнде баяндама жасамақ. Ол кiсi түркi академиясында жұмыс iстеп жүр. Құнды мәлiметтерi бар. Одан кейiн филология ғылымдарының кандидаты, Л.Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетi «Журналистика және саясаттану» факультетiнiң деканы Қайрат Сақ, шетел мұрағаттарынан «Ақ жол» газетiнiң барлық сандарын жинап, жинақ етiп шығарған белгiлi ақын Ханбибi Есенқарақызы осы басылым туралы деректермен бөлiседi" деген болатын. 
 

Сұхбат

PhotoRoom