«ҮЛКЕН АЛМАТЫ АЙНАЛМА АВТОМОБИЛЬ ЖОЛЫН САЛУ ЖӘНЕ ПАЙДАЛАНУ»

Жаңалықтар
07.11.2017, 11:01

777

БИЫЛ ЖЕЛТОҚСАНДА «ҮЛКЕН АЛМАТЫ АЙНАЛМА АВТОМОБИЛЬ ЖОЛЫН САЛУ ЖӘНЕ ПАЙДАЛАНУ» ЖОБАСЫ БОЙЫНША КОНЦЕССИЯ ШАРТЫН БЕКІТУ ЖОСПАРЛАНУДА

Бұл туралы ҚР Инвестициялар және даму министрі Жеңіс Қасымбек мемлекеттік-жекеменшік әріптестік мәселелеріне арналған Үкімет отырысында мәлімдеді.

Оның айтуынша, қазіргі уақытта министрлік жетекшілік ететін салалар бойыншамемлекеттік-жекеменшік әріптестік механизмі арқылы 6 жоба әзірленіп, іске асырылуда.

«Үлкен Алматы айналма автомобиль (ҮАААЖ) жолын салу және пайдалану» жобасы бойынша2015 жылдың қаңтарында конкурстық рәсімдер басталды. Бүгінгі таңда  тараптар келісімнің барлық негізгі шарттары бойынша өзара келісімге қол жеткізді және келіссөздер аяқталу кезеңінде. Концессия шартын желтоқсан айында бекіту жоспарлануда»,-деп атап өтті Жеңіс Қасымбек.

Шарт жасасуды тездету мақсатында Министрліктің және Консорциум мен Еуропалық қайта құру және даму банкі  арасында өзара түсіністік туралы меморандумға қол қойылды. Концессиялық комиссияның сарапшылар тобы Консорциуммен, ЕҚДБ, IFC және «KPPF» ЖШС бірлесіп шарт жобасының түпкілікті нұсқасын пысықтауда.

Қазіргі уақытта концессия саласындағы қолданыстағы заңнамаға түзетулер енгізілуде.

 

 

http://www.mid.gov.kz

Сұхбат

PhotoRoom