Желтоқсан айында Франция Президенді Франсуа Олланд Қазақстанға мемлекеттік сапармен келеді. Бұл туралы бүгін Қазақстан-Франция экономикалық ынтымақастығы бойынша үкіметаралық комиссияның 11-ші отырысы барысында Францияның Сыртқы істер және халықаралық даму министрлігі жанындағы шетелдегі француздық азаматтардың істері, туризмді дамыту және сыртқы сауда бойынша мемлекеттік хатшысы Матиас Фекл мәлемдеді, деп хабарлайды BNews.kz.
«Бұл комиссия ынтымақтастық мәселелерін реттеп, Президент Франсуа Олландтың желтоқсанда жасайтын Қазақстанға сапары алдында оған үлкен үлесін қосып жатыр. Бұл Францияның көптеген кәсіпорындары үшін пікір алмасуға мүмкіндік береді», - деді М.Фекл.
Франсуа Олланд 7-ші Француз Республикасының 24-президенті. Ол қазіргі қызметіне 2012 жылдың 15-мамырынан бастап кіріскен.