Мамытбековке Ізмұхамбетовше басу айтамыз

Жаңалықтар
17.10.2014, 13:31

Ауылшаруашылығы министрі Асылжан Мамытбеков "қылмыстық іс қозғалған Өмірияев кінәлі боп шықса, мен отставкаға кетуге дайынмын" деген мәлімдемесін әлеуметтік желіде қайта талқылап жатыр.

Оған себеп Өмірияевтің ірі көлемде пара алды деген айып тағылып, 10 жылға бас бостандығынан айру туралы сот шешімі болып отыр. Бүгін кейбір ақпараттық сайттар Мамытбековтің отсавкаға кету туралы арыз жазғанын да жариялап жатыр. Біздіңше, уәде бергенімен Ізмұхамбетовше айтсақ, әркім өзі жасаған қателігін мойнымен көтеру керек.

Ба0ты0ожа

«Қол астымдағы қызметкерлерге келер болсақ, олардың барлығы үшін 100 пайыз сенімдімін деп айта алмаймын. Егер де біреуі қателік жасап, жауапкершілікке тартылып жатса, мен отставкаға кетпейтін. Мен сіздерге бірден айтамын. Әркім өзі істеген ісін мойнымен көтеруі керек. Менің қызметтік ұстанымым осы. Мен бұны қызметкерлеріме үнемі қайталап айтып отырамын», - деді Б.Ізмұхамбетов бүгін Орталық коммуникациялар қызметінде өткен брифингте журналистердің сұрақтарына жауап бере отырып.

«Ештеңе істемеген адам ғана қателеспейді» деген мақал бар. Жұмыстың аты - жұмыс. Қасақана жемқорлықпен айналысу бір бөлек, ал жұмыс барысында бір қателік жіберіп алуың - бір басқа. Дегенмен кез келген қателік жауапкершіліктен жалтартпайды», - деді әкім.

Оның айтуынша, бүгінде Атырау облысының әкімдігінде сенімді адамдар қызмет етеді.

«Аппараттағы «тазалау» туралы айтар болсақ, менің бұл жұмысқа қатысым жоқ. Оны құқық қорғау органдары жүргізген. Мен тек сол жұмыстар жүргізіліп жатқан кезде келгенмін»,  - деді Б.Ізмұхамбетов.

Сұхбат

PhotoRoom