Мұнай бағасына орай бюджет қайта қаралады

Жаңалықтар
17.10.2014, 15:15

Үкімет мұнай бағасының төмендеуіне байланысты 2015 жылдың бюджетін қайта қарайды. Бұл туралы бүгін Алматыда II халықаралық «Almaty Invest 2014» инвестициялық форумы барысында  ҚР Премьер-Министрінің бірінші орынбасары Бақытжан Сағынтаев мәлімдеді.

«Қазақстан Үкіметі алдағы жылдың бюджетін қайта қарайды. Өйткені, мұнай бағасы төмендеп, бір  баррелі 80 долларға түсуі мүмкін» - деді өз сөзінде Б. Сағынтаев.

Айта кетелік, аталмыш форум барысында қатысушылар, Алматы қаласының жаңа Жібек жолының қаржылық орталығы және Исламдық қаржыландыру орталығы ретіндегі даму стратегиясын, сонымен қатар, ғылыми-техникалық прогрестің қарқынды дамуы жағдайында орын алатын жаңа инновациялық инфрақұрылымдық шешімдерді, ұлттық инновациялық жүйе, туризм және «жасыл» экономика мәселелерін талқылайды.

Сұхбат

PhotoRoom