"Бәйтерек" 100 млрд теңге игерді

Жаңалықтар
20.10.2014, 14:22

 Өндірістік өнеркәсіп саласындағы шағын және орта бизнесті қолдау үшін Ұлттық қордан бөлінген 100 млрд теңге толық игерілді. Бұл туралы бүгін Орталық коммуникациялар қызметінде өткен брифинг барысында «Бәйтерек» ұлттық басқарушы холдингі» АҚ басқарма төрағасы Қуандық Бишімбаев мәлім етті.

«Өздеріңіз білетіндей, алты ай бұрын Ұлттық қордан біздің холдингке 100 млрд теңге бөлінген болатын. Президент тапсырмасына орай, сол 100 млрд теңге «Даму» қоры арқылы шағын және орта бизнес бағытында игерілуі керек болатын. Бүгінгі таңда баса айта кетерлігі, 100 млрд теңге толық игерілді», - деді холдинг басшысы.

Қ.Бишімбаев бұл қаржы шағын және орта бизнеске қалай жеткені туралы мәлімет бере кетті.

«Даму» қоры банктерде несиелік желі ашып, банктер өз кезегінде шағын және орта бизнестің кәсіпорындарына алты пайыздық үстемақымен қаржы берді. Жалпы, осы қаржы арқылы республика бойынша 437 кәсіпорын қаржыландырылды. Жаңадан 23 жоба іске қосылды. Бүкіл республика бойынша 4,5 мың жаңа жұмыс орыны ашылды», - деп түсіндірді Қ.Бишімбаев.

 

Сұхбат

PhotoRoom