Өзбекстан орыс телеарналарын жапты

Жаңалықтар
20.10.2014, 14:24

Өзбекстан кабельді телеарнасының студиялары өткен аптада Ресейдің «РБК» және ТМД-ның «МИР» телеарнасын жауып тастады, деп хабарлайды РИА Новости.

Студиялардың операторлары мұның нақты себебін әзірге ашып айтпай отыр. Бар айтатындары – жүйеде техникалық ақаулар пайда болған және бұл қысқа аралықта түзетіледі.

Бір айта кететіні, «РБК» және «МИР» арналары тек аналогты телеарнада ғана өшкен, ал цифрлы телеарнада жұмыс істеп тұр. Жалпы, Өзбекстанда соңғы жылдары «Домашний, ТНТ және РенТВ телеарналары кабельді желілерден алып тасталған. Сөйтіп, өзбек көршілеріміз ресейлік арналардың қаңсығынан біржолата арылу үшін түбегейлі шараларды қолға алған сыңайлы.

bnews.kz

 

Сұхбат

PhotoRoom