Президент шенеуніктерді қызметтен босатты

Жаңалықтар
20.10.2014, 22:05

Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың Өкімдерімен Қаржы полициясы мен Мемлекеттік қызмет істері агенттігі төрағаларының орынбасарлары қызметтерінен босатылды. 

«Мемлекет басшысының Өкімдерімен Әбдірашит Төлегенұлы Жүкенов Қазақстан Республикасы Экономикалық қылмысқа және сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес агенттігі (қаржы полициясы) төрағасының орынбасары қызметінен;

Әли Амантайұлы Көмекбаев Қазақстан Республикасының Мемлекеттік қызмет істері агенттігі төрағасының орынбасары қызметінен босатылды», - деп жазылған хабарламада.

Сұхбат

PhotoRoom