Тәжірибелі журналистер білгенімен бөлісті

Жаңалықтар
22.10.2014, 09:47

 

Оңтүстік Қазақстан облыстық ішкі саясат басқармасының ұйытқы болуымен  телеарнадағы сұхбат жанры мен тікелей image-22-10-14-12-15-4эфирде сұхбат жүргізудің өзіндік әдіс-тәсілдері туралы тележурналистерге арналған семинар-тренинг өтті.

Шараның мақсаты -тележурналистика мамандарының риторикалық тәжірибесімен танысу, теледидарға сұхбат беру, оның техникалық ерекшеліктері туралы жан-жақты пікір алмасу болып табылады.

Семинар тренингте «Хабар» агенттігінің продюсері Арман Сқабылұлы мен «Астана» телеарнасының аналитик редакторы Жайна Сламбекқызы  жергілікті әріптестеріне шеберлік сабағын өткізіп, тележурналистиканың қоғамда алатын орны, телеарнадағы сұхбат жанры, тікелей эфирдегі сұхбат жүргізудің өзіндік әдіс-тәсілдері туралы дәріс оқыды. Семинар өзара пікір алмасу, сұхбат ұйымдастырудың тиімді тәсілдерін талқылау, тәжірибемен бөлісу пішініде болды.

Айтып өту қажет, басқарма тарапынан мұндай семинарлар бұдан алдын да өтіп, «Бұқаралық ақпарат құралдарының сапасын арттыру», «Журналистік этика», «Бұқаралық ақпарат құралдары арасында журналистік зерттеу және сұхбат алу» тақырыптары қамтылған болатын.

Алдағы уақытта да журналистерге арналған мұндай семинар-тренингтер жүйелі түрде өткізілетін болады.

 

Сұхбат

PhotoRoom