Ұлттық бірегейлену идеясына арналған шара басталды

Жаңалықтар
22.10.2014, 10:03

Көкшетау қаласында "Мемлекеттік этносаясат: "Қазақстан-2050" Стратегиясын жүзеге асыру аясындағы міндеттер, әдістеме, технологиялар" атты үш күндік семинар басталды. Шараны ҚР Президентінің жанындағы Мемлекеттік басқару академиясы Орталық Азия өңіріндегі этносаралық және конфессияаралық қатынастарды зерттеу орталығы Ф. Эберт қорының, «Қоғамдық пікір» Зерттеу институтының, Көкше академиясының Бейбітшілік, шиеленіс және медиация институтының қолдауымен және қатысуымен ұйымдастырып отыр.

Жиынға облыстардың (Солтүстік өңірлердің) этносаралық және конфессияаралық қатынастар мәселесімен айналысатын мемлекеттік қызметшілері – облыс, қала, аудан әкімдерінің орынбасарлары, ішкі саясат басқармалары мен бөлімдерінің, жастар саясаты, дін істері, тілдерді дамыту басқармаларының басшылары мен мамандары, облыстық ҚХА хатшылықтарының жетекшілері мен мамандары, құқыққорғау органдарының, әкімдердің баспасөз қызметінің өкілдері; ҚХА ҒСТ, БАҚ, ЖОО өкілдері; мәслихат хатшылары; этномәдени, діни, жастар ұйымдарының жетекшілері қатысуда.

20141021_112401 (1)

Семинарға арнайы Германиядан келген саясаттанушы Ян Асмуссенмен Астана қаласында "Қоғамдық пікір" ҚҚ сарапшылар кездесуін ұйымдастырған болатын. "Еуропадағы мультикультурализм: бүгіні мен болашағы" атты тақырыпта өткен кездесуде германиялық ғалым өз еліндегі біраз мәселемен бөлісті. "Мультикультурализм алысқа апармайды" деген пікір айтқан Ангела Меркель басқаратын ел 2012 жылы 1 млн.80 мың адамды иммиграциялаған. Бұл ел бір айда 16 мың босқын қабылдаған кезі де болған. Бүгінде Германиядағы басты проблемаға айналып отырғанын жасырмады. Асмуссеннің айтуынша, Германияда расизм бар.

 

 

 

 

Сұхбат

PhotoRoom