Жаңа Қорғаныс министрі жайлы пікірлер

Жаңалықтар
22.10.2014, 13:09

Иманғали Тасмағамбетов дегенді естісем, есіме бірден Уинстон Черчилльдің "Мемлекет қайраткерінің саясаткерден айырмашылығы -саясат келесі сайлаудың қамын ойласа, мемлекет қайраткері келесі ұрпақтың қамын ойлайтындығында" деген сөзі есіме түседі.

Бұл жылдар бойы халыққа қызмет істеген Иманғали Нұрғалиұлының өзіне өзі қалыптастырған жақсы имиджінен болса керек. Басқасын айтпағанда соңғы он жыл ішінде еліміздің республикалық маңызы бар екі бірдей шаһарын басқарды. 4 жыл ғана еңбек етсе де, алматылықтарды сағындыртатындай етіп жұмыс істеді. Астананың әлпетіне әр беріп, бас қаланың гүлденуіне тікелей ықпал етуімен де оның осңғы қызметі туралы ұмытылмайды.

Screenshot_2

 

Саясаттан бейхабар аудитория Инстаграм әлеуметтік желісінде деген стереотип қалыптасқанын білесіздер. Соны сынамақ үшін, И. Тасмағамбетов туралы жазып та көрдік. Халықтың қабылдауы ерекше. Қорғаныс министрі болып тағайындалуымен құттықтап жатқан халықта қисап жоқ. Ал біз, күтпеген ауыс-түйіс туралы сарапшылардан сұрап көрген едік.

d1uQP59K

Рахат Мамырбек, саясаттанушы:

- Менің ойымша, Тасмағамбетовты Назарбаев үнемі белгілі бір салаларды немесе қаланы дамыту үшін, қордаланған проблемаларды шешу үшін жіберетін сияқты. Оның әбжіл екені, шаруашылықты жақсы жүргізетіні бірнеше мәрте сынақтан өткен. Әрі бұл жерде геосаяси бір қадамдар да ескерілгенге ұқсайды. Кейбір сарапшылар Тасмағамбетовтың "ұлтшыл", "мемлекетшіл" реңкі бар саясаткер деп санайды. Қорғаныс саласына қойғаны бір жағынан осындай бір емеурінмен астасып жатқандай көрінеді маған. Субъективті пікірім.

5357490e-6b26-cc9f-6b26-cc906d781d33.photo.0

Сырым Әбдірахманов, Қазақстанның блогерлер Альянсының вице-президенті:

- Иманғали Тасмағамбетовтың тағайындалуы орынды. Бұл  тағайындалу Елбасы сенімінің жоғары екендігін көрсетеді. Ол іскер, мемлекетшіл азамат. Қандай да бір жауапты лауазымдарда болмасын Иманғали Нұрғалиұлы әр уақытта қызметтерін абыроймен атқарған. Өзіңіз білетіндей мемлекеттік қызметтің  барлық сатысынан өткен. Осы жүгі ауыр қызметті де абыроймен атқаратынына сенімдімін.

 

 

 

Сұхбат

PhotoRoom