ЭКСПО-2017 көрмесіне 3 мыңнан аса ерікті қажет

Жаңалықтар
23.10.2014, 11:32

Астанадағы ЭКСПО көрмесіне үш мыңнан астам еріктілерді тарту жоспарланып отыр.  Бұл туралы бүгін ЭКСПО-2017 халықаралық көрмесіне қатысушылардың жиналысында "Астана ЭКСПО- 2017" ҰК" АҚ Туризм департаментінің  директоры Аниса Бердина мәлім етті.

"Елімізге келетін қонақтар мен туристерге ыңғайлы болуы үшін біз ерікті волонтерлік орталықтарды ұйымдастырмақпыз. Осы бағытта үш мың үш мың волонтерді табуды жоспарлап отырмыз. Олар "ЭКСПО-2017" туристеріне барынша көмектесетін болады",-деді ол.

А. Бердина Қазақстанға миллиондаған туристердің келуіне байланысты қонақ үйлердегі бөлмелер саны айтарлықтай артады деп күтілуде.

Сонымен қатар туристерге Қазақстанның тарихи ескерткіштеріне баруға арнайы турлар ұйымдастырылады. "Мәдени бағдарламалар қызықты болмақ және оның бағалары да қолжетімді деңгейде белгіленеді",-деді А. Бердина.

Сұхбат

PhotoRoom